Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»ОҚО-да медициналық тіректер саны артуда
    Денсаулық

    ОҚО-да медициналық тіректер саны артуда

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа24.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Ж.Түймебаевтың тапсырмасына орай республикада алғаш рет өңірде модульді құрамалы медициналық тіректер құрыла бастаған болатын. Қазіргі таңда облысымыздың бірқатар аудандарында аталған модульдік құрамалы 20 медициналық тірек пайдалануға тапсырылды. Атап айтқанда, Бәйдібек ауданында 3 медициналық тірек, Сайрам мен Түлкібас ауданындарында — 2 және Сарыағаш өңірінде — 13 медициналық тірек бой көтерді. Бүгінде аталған тіректер халыққа өз қызметін көрсетіп келеді.

    Осыған орай бүгін облыстық денсаулық басқармасының ұйымдастыруымен журналистер Сарыағаш ауданындағы жаңа модульді құрамалы медициналық тіректердің жұмысымен танысты.Ондағы көрсетіліп жатқан қызметтерді көзбен көріп, жергілікті жұрттың пікіріне қанықты. Қошқар ата ауылдық округіне қарасты Қарабура, Жамбыл және Калинин елді мекенінде ашылған медициналық тіректердің жұмысымен танысқан БАҚ өкілдеріне жергілікті жұрт алғысын білдірді.   Түрік компанияларының жобасы бойынша бой көтерген заманауи тіректер қажетті медициналық жабдықтармен толық қамтылған. Онда фельдшер мен медбике қызмет көрсетеді. Алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған жаңа медпуктте балалар мен ересектерге арналған бөлмелер бар. Сондай-ақ, екпе жұмыстары жасалатын, медициналық сараптама қабылдайтын және ем-дом жасайтын арнайы бөлме бар.

    Айта кетерлігі, пайдалануға берілген модульді құрамалы медициналық тіректер облыс тұрғындарының көңілінен шығуда. Әсіресе, шалғай елді мекендерге тиімді саналатын мұндай  медициналық тіректің ерекшелігі — оның құрылысының 2 айда аяқталуында. Сондай-ақ, бюджет қаражатынының тиімді жұмсалуына да сеп болуда.

    Медициналық тіректердің құрылысын жүргізуге баламалық нұсқасы ретінде ұсынылған заманауи тіректердің алаңы 125 шаршы метрді құрайтын, медициналық құралдармен жабдықталған, модулдік конструкция құны 30 млн.теңге. Жаңадан салынған медициналық тірек науқастарға алғашқы медициналық санитарлы көмекті сапалы түрде көрсетеді.

    Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жалпы есептегенде 846 медициналық нысан бар, оның ішінде  медициналық тірек саны – 225. Бүгінгі таңда 225 медициналық тіректің 87 нысаны жалға алынған.

    Өңірде биыл жылы 67 медициналық тіректің құрылысы жүргізілетін болады. Егер аталған жоба  іске асса,  облыстағы медициналық тіректердің қажеттілігі толық қамтамасыз етілмек. Бұдан бөлек, облыстағы денсаулық сақтау саласында  9 нысанның құрылысына 4,6 млрд. теңге бөлінді. Оның екеуі дәрігерлік амбулатория болса, жетеуі емхана құрылысы.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.