1 наурыздан бастап қазақстандық коммерциялық банктер Т1 мың теңгелік банкноттарды айырбастауды тоқтатады, деп хабарлайды ҚазТАГ ақпараттық агенттігі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«2018 жылдың 1 наурызынан бастап екінші деңгейдегі банктер 2006 жылғы 1 мың теңге номиналындағы банкноттарды айырбастауды тоқтатады. Ұлттық Банктің филиалдары осы банкноттарды 2021 жылдың 28 ақпанына дейін алмастырады», — делінген хабарламада.
Сонымен бірге, Ұлттық Банк айналымда заңды түрде төлем құралы болып табылатын T1 мың естелік банкноттары бар екенін хабарлайды.
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес айналыстағы банкноталар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту ескертуге әкеп соғады, ал әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап бас тартқан жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 5, орта кәсіпкерлік — 10, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін — 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (АЕК) айыппұл салынады», — деп еске салады реттеушінің баспасөз қызметінен.
«Банкноттарды қабылдау, айырбастау және айырбастау кезінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың бас тартуына 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салады», — деп ескертті Ұлттық банк.
1 АЕК = T2405.
Фото: kazakistan.kz