Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікте «Қайырымдылық күні» өтті
    Жаңалықтар

    Оңтүстікте «Қайырымдылық күні» өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.02.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында Оңтүстікте басталған онкүндіктің екінші күні — «Қайырымдылық күні» тақырыбында жалғасын тапты. Бүгін облыс аумағында «Жан жылуы» акциясы аясында жалғызбасты және әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетіліп, балалар үйлерінде қайырымдылық шаралары өтті.

    Акцияға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен өңіріміздегі этномәдени бірлестіктер де белсене атсалысты. Бүгін облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдері Төлеби ауданындағы №2 балалар үйінің, Сайрам ауданындағы «Бауыржан» отбасылық негіздегі балалар үйінің және Арыс қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлау және Алғыс айту күнінің мәнін ұғындыру мақсатында іс-шаралар ұйымдастырып, сыйлықтар тарту етті.

    «Қиын-қыстау кезеңде қазақ жеріне күштеп қоныс аударылған түрлі этностардың бүгінгі ұрпақтары – біздердің қиыншылықта пана болған қазақ халқына айтар алғысымыз шексіз. Қазақ халқының бауырмалдылығының арқасында өсіп-өндік. Ортақ отанымыздың өркендеуіне үлес қосуды парызым деп санап, қайырымдылық шараларына үнемі қатысып отырамын. Бүгін «Қайырымдылық күні» аясында өңіріміздегі этномәдени бірлестіктер балаларға қуаныш сыйлауды жөн санадық. Мұндай игі шаралар адамдардың арасын жақындатып, бірлікті нығайта түседі», — дейді облыстық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Латифша Асанов.

    Айта кетейік, ертең «Шабыт күні» аясында «Ынтымағы жарасқан Қазақстан!» тақырыбында облысымыздың барлық аудан, қалаларында қолөнер бұйымдарының көрмелері, Жалпы орта мектептер мен колледждерде шығармашылық байқаулар ұйымдастырылады.

    Дереккөз: ontustik.gov.kz.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.