Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Биыл мемлекет меншігіндегі 265 нысан сатылымға шығарылады – Қаржы министрлігі
    Жаңалықтар

    Биыл мемлекет меншігіндегі 265 нысан сатылымға шығарылады – Қаржы министрлігі

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.02.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    2018 жылы мемлекет меншігіндегі 265 нысан сатылады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

    Алдымен министрдің орынбасары осы жылдың басында қанша нысан сатылғанын, мемлекетке қаншай пайда келгенін айтты.

    «2018 жылдың 1 қаңтарында мемлекет меншігіндегі 463 нысанның 289-ы сатылымға шығарылды. Нәтижесінде 108 млрд теңгеге 190 нысан сатылды. Сонымен қатар 162 объектіні қайта құрып, жабу керек. Сондай-ақ маңызды нысандарды сату бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 23 маңызды нысанның 11-і 61 млрд теңгеге сатылды. Ал 12 объектіні сату бойынша келіссөздер жүріп жатыр», — деді Берік Шолпанқұлов Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

    Осы орайда ол биыл қанша мемлекеттік мекеме жекешелендіретінін жеткізді.

    «2018 жылы жоспарға сәйкес 265 нысан сатылымға шығарылады. Сондай-ақ өткен жылдан қалған 90 нысан бойынша жұмыстарды аяқтау керек», — деді вице-министр.

    Сонымен қатар Берік Шолпанқұлов квазимемлекеттік секторда туындаған мәселеге тоқталды.

    «Қаржы министрлігімен бірігіп, квазимемлекеттік сектордағы орындарды жалға алу шығындарына талдау жүргізілді. Нәтижесінде мүлікті тиімсіз пайдалану және жалға берілетін орынның құнын жоғары көрсету деректері анықталды. Тиісті жұмыстардың қорытындысы бойынша квазимемлекеттік сектордағы мекемелердің жалға алатын орындарының көлемі азайтылды. Сондай-ақ жалға берілетін орынның 1 шаршы метрінің құны 34 мың теңгеге дейін қысқартылды», — деп түйіндеді сөзін ол.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.