Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Балаларды бюрократиялық анықтамаларға кішкентайынан үйретудің қажеті бар ма – Нығматулин
    Жаңалықтар

    Балаларды бюрократиялық анықтамаларға кішкентайынан үйретудің қажеті бар ма – Нығматулин

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Нұрлан Нығматулин атап өткендей, жастар уақытша жұмысқа орналасқан кезде анықтамалардың санын азайту керек.

    Халықты жұмыспен қамту және көші-қон заң жобасына сәйкес, студенттер мен жоғары сынып оқушыларына қоғамдық жұмыстарды тек жаздыкүні ғана емес, сабақтан бос уақытта да атқаруға рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бүгінге дейін студенттер тек демалыс уақытында ғана жұмыс істей алатынын атап өтті.

    «Осы уақытқа дейін студенттер қоғамдық жұмыстарға тек жаз мезгілінде ғана кірісе алатын. Енді олар бұдан өзге уақытта да жұмысқа араласа алады. Ол үшін білім орнынан анықтама қағазы мен мекенжай анықтама қағазы және жеке төлқұжаты қажет», — деді Мадина Әбілқасымова.

    Осы орайда ҚР Парламенті Мәжілісі спикері аталған анықтамалар тізімін қысқартуды ұсынды.

    «Осы залда отырғандар, әсіресе аға буын өкілдері, студенттік шақтарынан бастап жұмыс істеген болар, біреу вагон жүгін түсіріп, тағысын тағы дегендей. Оқушы кезінде жұмыс істегендер де бар. Бірақ ол үшін анықтама жинап жүргеніміз есімде жоқ. Барып жұмыс істей беретінбіз. Осы әрекетімізбен балаларды кішкентайынан бюрократиялық анықтамаларға үйретіп жатқан жоқпыз ба? Әлде бұл керек пе?» — деді Нұрлан Нығматулин.

    Министр ол үшін бар-жоғы үш анықтама қажет екенін айтты.

    «Қазіргі балаларды жұмысқа тарту үшін, біраз күш-жігер қажет. Ал бұл анықтамаларды алу үшін, одан да басым күш қажет болады», — деді төменгі палата спикері.

    Айта кетейік, «Халықты жұмыспен қамту және көші-қон мәселесінің кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге» байланысты  заң жобасын мәжілісмендер бірінші оқылымда мақұлдады.

    Дереккөз: bnews.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.