Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ақтөбеде Қазақстанда тұңғыш рет фермерлерге қызмет көрсету орталығы ашылады
    Жаңалықтар

    Ақтөбеде Қазақстанда тұңғыш рет фермерлерге қызмет көрсету орталығы ашылады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Ағымдағы жылы Ақтөбе облысында цифрлы технологияларды қолдану арқылы «Фермерлік қызмет көрсету орталығы» пилоттық жобасы іске асырылатын болады. Бұл туралы тұрғындармен болған кездесуде өңір басшысы Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

    Жобаның шеңберінде сатылатын малға арналған бірыңғай электрондық база енгізіледі, аукционда тірі мал мен ауыл шаруашылығы техникасын сату алаңы ұйымдастырылады. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекеттік қолдау көрсететін қаржы институттарының кеңселері болады.

    «Мемлекет басшысы атап өткендей, аграрлық сектор экономиканың драйвері болуға тиіс. Ақтөбе облысы бұл міндетті белсенді түрде жүзеге асырады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 5,3% артып, 200,8 млрд теңгені құрады. Облыстағы егін өнімділігі рекордтық деңгейге жетіп, гектарына 13,2 центнер, 512 мың тонна астық жиналды. Суармалы жерлердің алаңы 18,3-ден 21,6 мың гектарға, егістік алқаптарының алаңы 16%-ға, 656 мың гектарға дейін артты», — деді облыс басшысы.

    Мал шаруашылығында ірі қара мал саны — 5,2%, құс — 20%, жылқы — 7,4%, қой-ешкі — 5,7%, артты. Ет өндіру — 4,1%, сүт — 4,4%, жұмыртқа — 6,1% өсті.

    Облыс әкімі бұған мемлекеттің қолдауымен және ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларын сәтті жүзеге асырудың арқасында қол жеткізе алғанын атап өтті.

    «Президенттің тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылығына цифрландыру элементтері белсенді енгізілуде. Мысалы, «АқТеп» ЖШС мен «Айс» ЖШС шаруа қожалықтары толығымен автоматтандырылған, арнайы сенсорлар жануарлардың орташа тәуліктік салмағын арттыруға, олардың қызметі мен жалпы денсаулық көрсеткіштеріне бақылау жасауға мүмкіндік береді. Жаңа технологиялар ауыл шаруашылығы дақылдарын егу және егін жинау үшін де пайдаланылады», — деді Бердібек Сапарбаев.

    Өткен жылы 200 ауылшаруашылық кооперативі 2 100 тоннадан астам ет, 3 мың тонна сүт және 1 700 тонна көкөніс және басқа да өнімдер өндірді. Ауыл шаруашылығының дәстүрлі емес салаларын дамыту маңызды. Облыста аралар, қояндар, құлпынай, таңқурай өсіру және тағы басқа бағытта 188 жоба жұмыс жасауда.

    Аймақаралық ынтымақтастық шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерімен, сондай-ақ көршілес Ресейдің бірқатар аймақтарымен ынтымақтастық орнатылды. Айта кетейік, 2017 жылы өңіраралық ынтымақтастық бойынша тауар айналымы 26,8 млрд теңгені құрады. Бұл көптеген азық-түлік тауарларының бағаларын төмендетуге және ұстап тұруға мүмкіндік берді.

    Дереккөз: Baq.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.