Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Асқар Мырзахметовтің Әулиеатадағы алғашқы есебі
    Жаңалықтар

    Асқар Мырзахметовтің Әулиеатадағы алғашқы есебі

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.02.2018Updated:22.02.2018Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Тасын түртсең тарихтан сыр шертететін ежелгі Тараз тотыдай түрленбек. Жамбыл облысында биліктің тізгінін ұстаған Асқар Исабекұлы 11 аудан, қаласы бар аймақта іске кірісіп, қазір жұмысты жүйелеп жатыр. Киелі Әулиеата аймағындағы халық алдында алғаш рет есеп берген Мырзахметов кәсіпорындарды көбейтіп, жоспарланған карта аясында шаруаны ширатпақ. Бұған дейін көрші жатқан Қызылорданың әкімі Қырымбек Көшербаевтың және Оңтүстік Қазақстан облысының басшысы Жансейіт Түймебаевтың есептік жиынын көрсеткен «Айғақ» арнасының түсірілім тобы бұл жолы Жамбыл облысына барды.

    dji_0075-mov-still002

    Жамбыл облысының екі жағында қос бірдей мегаполис жатыр. Бірі Алматы, енді  бірі Шымкент. Ақын Жамбыл Жабаевтың құрметіне есімін иеленген өңірде киелі жерлер мен кесенелер аз емес. Бірақ Айша бибі кесенесі аймақтың алтын кілті іспеттес. Ежелде Әулиеата атауымен атағы алысқа кеткен Жамбыл аймағы Оңтүстік облысымен ауылы аралас, қойы қоралас. «Алыстағы ағайыннан, жақындағы көршің артық» деген қазақ көршімен тату болып, онымен бар-жоғымен бөліскен. Біздерде сол мақсатты алға қойып Жамбыл облысына келдік. Өткен жылдағы жұмыстарды құлақпен тыңдап, көргенімізді жеткізу үшін. Еске сала кетейік 2018 жылдың 10-шы қаңтары күні Асқар Исабекұлы Жамбыл облысына әкім болып тағайындалды. Іске кіріскеніне көп болмаған Мырзахметов аудандардың ахуалымен танысып, бастамасымен халықтың көңіліне сенім ұялатып үлгерген.

    00038-mts-still001

    Жамбылдың билігіне биыл келген Мырзахметов өткен жылдағы жұмыстарды есептік кездесуде сүзгіден сүзіп тұрып тарқатты. 2017-нің 365 күнінде атқарылған істер аз емес. Бірақ алдағы уақытта кәсіпорындарды қайта жаңғыртып, Жамбыл өлкесіне серпіліс керек. Бұл Мырзахметовтың алдына қойып отырған міндеті екен. Әрине бұған Оңтүстік Қазақстан облысын 7 жыл басқарып, Үкімет басшысының орынбасары әрі ауыл шаруашылығының министрі болған азаматтың тәжірибесі жетерлік. Асқар Исабекұлы байыппен жасаған баяндамасынан Жамбыл облысында алдағы уақытта әлеуметтік мәселелер жүйріктей жүйіткіп, жорғаламақ екенін байқадық. Көне шаһардың шырайын келтіру үшін құрылған жоспарды жариялағанда, тыңдап отырған тұрғындардың көңілі елең етті.  Мінберде 30 минут сөйлеген Мырзахметов есептік кездесуде барын бар, жоғын жоқ деп ақ-қарасын ашып айтты. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні өткен жылға өкпе жоқ, бірақ алда атқарылар шаруа қыруар деді. Бұл сөз Жамбыл облысының тұрғындарын қанаттандырды білем, қолдап ишара танытты. Бұған куә болған ҚР Қаржы министрі де сөз алып, қаржы саясатымен байланысты ақпараттарды ақтарды. Жиында Жамбылдық ағайын темірді қызған сәтте соқты. Қаржы министріне облысқа оң көзбен қарауды өтініп, қазынада қалған қаржыны өңірімізге жібер деп қалжыңмен қағытып қалды.

    00072-mts-still001

    Ел езу тартқан есептік кездесуде тосыннан қойылған сұрақтар аз болмады. Тосыла қоймайтын Асқар Исабекұлы нақты, әрі тұщымды жауап беріп заң аясында шешілетін өтінішті қолдаймын деп қол астындағыларға тапсырма берді. Бұл күні жарыс сөзге таласа тұрып, кезекке тізілгендердің ешбірін сөзден қақпай, тұрғындарды сабырмен ұйып тыңдады. Байқағанымыз көпшілігі Мырзахметовтың аяқ алысына разы болып бір кездері Оңтүстікте атқарған тірлігіне қызыға, әрі қызғана қарапты.

    00095-mts-still002

    «Жақсы көрші болсаң мақтар, жаман көрші болсаң даттар» деп дана халық текке айтпаған. Жарыс сөзге тізіліп тұрған тұрғындардың санында бұл күні шек болмады. Әрбірі орайлы сәтті пайдаланып, өз ойымен бөлісуге асықты. 30-ға жуық пікір айтылғанда,  Асқар Мырзахметов микрафонға сөйлеген тұрғындардың ешбірін елеусіз қалдырмай, сұрақтарына қанағаттанарлық жауап айтып қуантты.

    00088-mts-still002

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы Үкіметтің кеңейтілген бір отырысында көрші облыстарында не болып жатқанын көруге ерінетін әкімдерді сынап тастаған болатын. Бірімен-бірі қарым-қатынас жасап, жаңалықтарымен бөлісіп тұру артық емес деді. Президенттің тапсырмасы аясында бұл жолы іргелес жатқан Жамбылдағы шаруалардан хабардар болып, жоспарларын тыңдадық. Жеті қазынаның бірі ит жылының қаңтарында киелі Әулиеата өңіріндегі билікке әкім болып барған Асқар Мырзахметовтың мақсаты ауылшаруашылық саласындағы тәжірибесін іске асырып, Елшіліктегі ептілігі мен министр қызметіндегі қабілетін пайдаланып қарқынды өзгеріс жасамақ. Қысқасы туған жері Оңтүстік облысымен атақонысы төскейлес жатқан Жамбыл өңірінің халқына қалтықсыз қызмет етуді көздеп отыр. Жиылған жұрт күмәнсіз сеніп, есептік кездесуге жақсы баға беріп тарқасты.

    Бағлан БАЙКӨБЕКҚЫЗЫ

     

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.