Шымкентте көктемгі тазалық жұмыстары басталды. Бұл іс-шаралар көктемгі алғашқы мерекелерге дайындық жұмыстары аясында қолға алынған.
Осыған орай коммуналды сала қызметкерлері қала ішіндегі арықтар мен арналарды құм-қиыршықтан тазартуда. Бұған қоса аялдамалар, ондағы жөндеуді қажет ететін орындықтар, павильондар ретке келтірілуде.
Сонымен қатар жалпы қалалық сенбілік ұйымдастыру жоспарланып отыр. Ал қалалық әкімдік өкілдері шаһардың барлық тұрғынын өз үйлерінің аулаларын тазартуға шақырады.