Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Биыл тағайындалған Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың алғашқы есепті кездесуі
    Жаңалықтар

    Биыл тағайындалған Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың алғашқы есепті кездесуі

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.02.2018Updated:21.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес бүгін, яғни 2018 жылдың 21 ақпанында «Баласағұн» орталық концерт залында Жамбыл облысының әкімі Асқар Исабекұлы МЫРЗАХМЕТОВ өзінің халық алдындағы алғашқы есеп беру кездесуін өткізуде.

    img-20180221-wa0008

    Есептік кездесуге арнайы «Айғақ» телеарнасының тілшілері қатысты.

    Жалпы облыс әкімінің 2017 жылғы қорытындысы бойынша тұрғындар алдындағы қорытынды есебіне байланысты ұсыныс-өтініштерге арналған жәшіктер орналасқан болатын. Тараз қаласының 15 жерінде және облысқа қарасты 10 ауданның 30 жерінде орналастырылды.

    Өткен жылы облыстың әлеуметтік – экономикалық дамуында оң динамика сақталған. Есепті кезеңде 368 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері  өндірілген. Өсім – 1,8%.

    img-20180221-wa0023

    Инвестиция 5,5 пайызбен көбейген.

    Индустриалық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 13,0 млрд. теңге инвестция тартылған, 10 жоба іске саырылып, 716 жұмыс орны құрылған.

    Сонымен қатар, өткен жылдың кейбір көрсеткіштерінде өндіріс көлемінің төмендегені байқалады.

    Мысалы, қант өндірісі 22%-ға, соның салдарынан тамақ өнімдерінің өндірісі 17%-ға азайған.

    Амангелді газ өңдеу зауытында нақты көлем индексі 52%-ды құраған.

    Бұған ірі өндіріс орындарында жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүруі, шикізатты өңдеуге тапсырыстың болмауы басты себеп болып отыр.

    «Осындай жағадайлардың алдын алу үшін экономиканың барлық секторында тұрақты бақылау-талдау жүргізілуі тиіс. Ол үшін тиісті басқармалар, әкімдер мен кәсіпорындар арасында әріптестік байланысты бір жүйеге салғанымыз дұрыс»,-деп мәлімдеді Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов өзінің есепті кездесуіндегі баяндамасы барысында.

    img-20180221-wa0004

    Сондай-ақ, аймақ басшысы кәсіпорындардың жұмысын тұрақтандыру қажет, ол үшін мәселелер зерделенуі тиістігін айтты. Яғни, аймақта  бүгінде кәсіпорындарды қайта жаңғыртып, олардың қуаты мен жүктемесін көтеру бойынша нақты межеленген жоспарлар қабылдау қажет. Сол үшін мамандарды тарта отырып, өнеркәсіп саласын аймақтық картасын әзірлеу қажеттілігі туындап отыр. Оған тұрып қалған жаңғыртуға жататын кәсіпорындар ендірілуі түйітікілді мәселенің біраз түйінін тарқататындығын облыс басшысы тілген тиек етті.

    img-20180221-wa0011

    Баяндамадағы мәліметтерге сүйенсек, жыл басында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 58 мың бірлікті құрап отыр. Олардың жалпы саны 9 пайызға артқан. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан 285 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 0,7 пайызды құраған.

    Асқар Исабекұлы баяндама барысында алда атрқарылар тірлік әлі көп екенін жеткізді.

    Естеріңізде болса, Асқар Исабекұлы Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалғанына 1 айдан асты.

    Есепті кездесудің толық нұсқасын «Айғақ» телеарансының жаңалықтарынан көре аласыздар.

    img-20180221-wa0027

     

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.