Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы тағайындалды
    Жаңалықтар

    ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы тағайындалды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.02.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің бұйрығымен Алмас Сұлтанұлы Батанов ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады primeminister.kz ресми сайты.

    Алмас Батанов 1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «АӨК-тегі ақпараттау жүйесі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2004 жылы — Алматы технологиялар және бизнес университетін «Стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша аяқтаған. 2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ноттингем университетінде (Ұлыбритания) оқып, ақпараттық технологиялар менеджменті магистрі дәрежесін алған.

    Еңбек жолын «Метрология» РМК Алматы бөлімшесінің жетекші маманы ретінде бастаған. 2000–2009 жылдары Қазақстан метрология институтында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

    2011–2013 жылдары — Экономикалық зерттеулер институтының бас сарапшысы; ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық зерттеулер және талдау орталығының референті, сарапшысы, кеңес берушісі.

    2013 жылдан бастап 2014 жылға дейін ҚР Өңірлік даму министрлігінің Өңірлік мониторинг және бағалау департаментінің директоры болып қызмет атқарған. 2014–2016 жылдары — ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының кеңесшісі болып жұмыс істеген.

    2016 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

    2016 жылғы желтоқсан айынан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.