Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да «Шымкент арена» спорт кешені бой көтереді
    Жаңалықтар

    ОҚО-да «Шымкент арена» спорт кешені бой көтереді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев 2017 жылы атқарылған жұмыстар жайын баяндаған есепті кездесуде мәлім етті.

    Оның айтуынша, Шымкент қаласындағы аумағы 427 гектарды құрайтын «Shymkent city» шағын ауданында «Шымкент арена» спорт кешені салынады. Осы жылы құрылысы басталатын бұл спорттық нысанда күрес пен атлеттер залы, сауда мен тамақтану және әкімшілік блогтары, қонақ үй, бассейн қарастырылған. Жобалық құны 17,2 млрд. теңге болатын кешен заманауи құрылғылармен жабдықталмақ.

    Сонымен қатар әкім аталған шағын ауданда жалпы алаңы 18 450 шаршы метр болатын «КОНГРЕСС ХОЛЛ» жобасы бой түзейтінін де айтып өтті. Құны 20,5 млрд. теңге болатын нысан құрылысы 2018-2021 жылдар аралығында жүргізілмек.

    Шымкент қаласын жан-жақты дамыту жайы Елбасының тікелей бақылауында екенін айтқан облыс әкімі  негізгі жұмыстар қаланың архитектуралық келбетін жақсарту, инфрақұрылымын дамыту мен абаттандыру, көгалдандыруға бағытталатынын жеткізді.

    «Қаланың бірнеше көшелерінен ашылатын Арбат – шахардың ең көрікті мекеніне айналады. Бұдан бөлек, Қошқар ата өзені жағалауы жобасын жүзеге асырсақ, Шымкент тарихи қалашығын жаңғырту жобасын да қолға алдық. Сонымен қатар,  Шымкент әуежайына жылдық жолаушы ағымы 2 миллионды құрайтын жаңа заманауи терминал салу жоспарымызда бар»,-деді Ж.Түймебаев.

    Есепті кездесу барысында әкім өткен аптада Үкімет тарапынан Шымкент қаласымен қоса Бәйдібек, Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам, Сарыағаш, Төлеби, Түлкібас аудандары мен Арыс қаласының стратегиялық қажеттіліктерін қамтитын «Шымкент агломерациясының аумақтарын дамытудың өңіраралық схемасы» бекітілгенін айтты. Бұл облыс орталығы мен оның айналасында орналасқан аудан, қала аумақтарының қарқынды дамуына серпін беретіні анық.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.