Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен ерекше жобалар басталады
    Жаңалықтар

    ОҚО-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен ерекше жобалар басталады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ордабасы тауында үш биге монумент орнатылып, «Қазығұрт тауы» жобасы жүзеге асырылады. Бұл екі тауда туристік инфрақұрылымдар қарастырылып, киелі, қасиетті орындарды аяқасты етпеу жақтары мұқият ескерілген. Ал Отырар қалашығы мен Арыстанбаб кесенесін байланыстыратын ежелгі жол қайта жаңғыртылып, оның бойына ұлттық қолөнершілердің шеберханалары бой түзейтін болады. Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында өткен есепті кездесуінде облыс әкімі Ж.Түймебаев осылай деді.

    Сондай-ақ, ол Қожа Ахмет Ясауи мұрасының XVI-ғасырда көшірілген хикметтерінің 100-ден астам қолжазба нұсқасын жариялау арқылы түркі дүниесінің рухани тұтастығын қамтамасыз ету көзделіп отырғанын атап өтті.

    «Биыл облыста рухани жаңғыру тың жобалармен толықтырылып, осы жылы «Қымызмұрындық», «Қауын fest», «Агро fest», «Ақсу-Жабағылының алқызыл қызғалдағы», «Туған жерге тағзым» атты облыста дәстүрлі түрде өтетін ерекше жобалар бастау алмақ. Олардың қатары Шардара ауданының туристік әлеуетін көтеру мақсатындағы туристік форум «Safari Shardara» іс-шаралары мен Сарыағашта гольфтен «Open Saryagash» жарысымен толығатын болады»,-деді облыс әкімі.

    Бұдан бөлек, облыста «Туған жер» арнайы жобасы негізінде 50 жоба дайындалып, 153 іс-шара жүзеге асырылуда. Ал «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында 19 жоба,  «Рухани қазына» аясында 20 жоба, «Атамекен» аясында  10 жоба, «Ақпарат толқыны» аясында 2 жоба іске асады.

    Айта кетейік, аталған бағдарлама шеңберінде «Қасиетті Қазақстан» орталығымен жалпы республика бойынша 100 нысан (қасиетті, киелі жерлер) іріктеліп алынса, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысынан 25 нысан енгізілген.  Ал ЮНЕСКО — ның  «Ұлы Жібек жолы ескерткіштері» номинациясы бойынша 8 ескерткіш біздің өңірімізде. Олар – Сауран, Түркістан, Сидақ, Қараспан, Жуантөбе, Күлтөбе, Отырар, Бөржар ескерткіштері. «Көне Түркістан» тұжырымдамасы 3 кезеңге қарастырылған.

     

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.