Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да индустрияландыру картасымен 20 жоба іске асырылмақ
    Жаңалықтар

    ОҚО-да индустрияландыру картасымен 20 жоба іске асырылмақ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысында индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 40 млрд. теңгені құрайтын 20 жоба іске асырылмақ. Осы жобалардың нәтижесінде 1500-ден астам жұмыс орны құрылып, өнеркәсіп өнімінің көлемі 920 млрд. теңгеге жетпек. Бұл туралы облыс әкімі Ж.Түймебаев халыққа берген есепті кездесуінде айтты.

    Аталған жобалардың бірқатарына тоқталсақ. Олар «Амир-А» ЖШС-нің 7,5 млрд. теңгеге жылына  150 мың тонна металл өнімдерін шығаратын металлургия зауытының құрылысы. Зауыт іске қосылғанда 100 жаңа жұмыс орны құрылады. Ал «Green Technology Industries» ЖШС-гі 6 млрд. теңгеге 208 жұмыс орнын қалыптастырып, жылына  50 мың тонна полиэтилен қалдықтарын қайта өңдеп, штапельді талшық шығаратын болады. «Аsia Trafo» АҚ-ы 15,9 млрд. теңгеге 220 жұмыс орнын құрып, кернеу сыныбы 110-220 кВт күштік трансформатор өндіретін болады.

    «Елбасы биылғы Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері атты» Жолдауында индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс деп атап көрсеткен болатын. Осы орайда облыстағы өнеркәсіптік кәсіпорындар әлемдегі жетекші өндірушілердің жаңа цифрлық технологиялары мен автоматтандырылған басқару жүйелерін кеңінен енгізуді жоспарлап отырмыз. Ал «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 3,4 млрд. теңгеге 350 жобаға қолдау көрсету жоспарланған», — деді өңір басшысы.

    Сондай-ақ, әкімнің есебінде мәлім болғандай «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы  4 млрд. теңгеге шағын және орта бизнеске көмек көрсету көзделсе, жастарды қолдау мақсатында «Жас кәсіпкер» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.