Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да биыл 3 мыңнан астам мал бордақылау алаңы ашылады
    Жаңалықтар

    ОҚО-да биыл 3 мыңнан астам мал бордақылау алаңы ашылады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    2018 жылы облыстың ауыл шаруашылығы еңбек өнімділігін арттыру мен экспортты ұлғайту бағытында дамитын болады. Яғни, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 15 мың га ұлғайтылып, жалпы егіс көлемі 833 мың га жеткізіледі.  Ал интенсивті баулар 800 га, жүзім 736 га, таңқурай 300 га, жаңғақ шаруашылығы қосымша 1000 га жерге отырғызылмақ. Бұдан бөлек, жылыжайлар 200 га, тамшылатып суғару әдісі 7 200 гектарға енгізілетін болады. Бұл жөнінде «Түркістан» сарайында өткен облыс әкімінің есепті кездесуінде мәлім болды.

    Биыл шаруа қожалықтарды кооперативке біріктіру жұмыстары жалғасатынын айтқан аймақ басшысы, құрылатын кооперативтерде 2 700 тонна ет, 34 200 тонна сүт, 6 мың тонна жеміс, 5 мың тонна көкөніс дайындау жоспарланып жатқанын жеткізді.

    «Сонымен қатар, облыста жаңадан 3 173 шағын мал бордақылау алаңы, 731 жанұялық сүт фермасы, 15 шағын құс фермасы, 7 балық шаруашылығы ашылады деп күтілуде. Атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 595,3 млрд. теңгеге, өсім 3,9 пайызға жететін болады», — деді Ж.Түймебаев.

    Бұдан басқа әкім облыста «Сүт кластерін» және кооперативтерді дамытуға ықпал ететін модульді бекеттер жасалып, оларды кәсіпкерлерге қосымша кепілсіз және алдын-ала төлемсіз лизингке беретін бағдарлама жасалынғанын атап өтті. Сонымен бірге ауыл-аймақтардағы тұрғындарды жаппай кәсіпкерлікке тартып, отбасылық бизнесті дамыту үшін сүт өнімдерін шығаратын, жеміс-жидектерді кептіретін, мал союға арналған модульді бекеттер орналастыру жоспарлануда.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.