Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Төртінші мұнай өңдеу зауытын салуға 9 млрд доллар кетуі мүмкін
    Жаңалықтар

    Төртінші мұнай өңдеу зауытын салуға 9 млрд доллар кетуі мүмкін

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Осы аптада үкіметте төртінші мұнай өңдеу зауытын салу туралы ұсыныс қаралады. Мұнай-газ саласының сарапшылары бұл зауыттың Қазақстанға қаншалықты қажет екендігі туралы пікірлерін білдірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

    Тәуелсіз сарапшы Шамиль Даурановтың пікірінше, бұл мәселеге қаржыландыруды жүзеге асыру жылдамдығы мен қаржыландырудың ашықтығы тұрғысынан қарау керек.

    «Егер бұл мемлекет қаражатын шығындап, бұрынғыдай бірнеше жыл бойы шешілетін болса, онда жаңа зауыт салуды қолға алудың не қажеті бар? 2000 жылдардың басында Қазақстанда өндіргіш күштерін 2020 жылға дейін дамыту және орналастыру нобайы әзірленді. Құжатты дайындау барысына барлық министрлік, облыс әкімдері, ірі кәсіпорындар, ғылыми-зерттеу және жобалық институттар қатысты. Ол құжатта жеке инвестициялар арқылы мұнай өңдейтін бірнеше орташа зауыт салу туралы ұсыныс болды», — дейді Дауранов.

    Оның айтуынша, мұндай шешім көлік құралдары шығындарын азайтып, Қазақстанның орталық және солтүстік өңірлерін жанармаймен қамтуға ықпал етуші еді.

    «Алайда бұл құжат Қазақстан басшылығы тарапынан қолдау таппады. Қолданыстағы кәсіпорындарды реконструкциялау жөнінде шешімдер қабылданды. Мен сол кездегі шешу жолдары дұрыс болды деп санаймын. Мәселені жеке капитал есебінен, мүмкін Еуразиялық экономикалық одақ серіктестерімен бірлесіп шешу керек», — дейді сарапшы.

    Oil Gas Project компаниясының директоры Жарас Ахметов Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарын мұнаймен қамтамасыз ету туралы сұраққа қатысты бар мәселе оның ішкі және сыртқы бағасының айырмашылығында болып тұрғанын айтады.

    «Баға тұрақтамайынша, мұнайды өңдеу тиімсіз болып табылады. Бұл жанар-жағармай бағасының өсуіне әкеп соғуы мүмкін немесе біз жанар-жағармай бағасының қымбаттауына мойынсұнамыз. Ал қарсы болған жағдайда ара-тұра жанар-жағармай тапшылығын сезіп тұратын боламыз», — дейді Ахметов.

    Осы орайда «Финам» компаниясының сарапшы-талдаушысы Алексей Калачев заманауи мұнай өңдеу зауытының салынуы Қазақстан үшін өте қажет нәрсе екендігін айтты.

    «Ішкі нарықтың өз отынымен тұрақты қамтамасыз етілуі өндірістің қуатын азайтады. Мұндай жағдайда еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарында апаттық жағдай болып тұратындықтан жоспарлы жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Жаңа зауыт салған жағдайда импортқа тәуелді болмайтын мүмкіндік туындайды, ал артылған жағдайда өнеркәсіптік құрылымы азырақ дамыған көрші мемлекеттерге сатып жіберуге болады», — дейді Калачев.

    Сондай-ақ, ол үлкен мұнай өңдеу зауытының салынуына 5-8 жылдай уақыт кетуі мүмкін екендігін айтты.

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.