Мұғалімдердің еңбекақысына қосымша ақыны төлеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 7 ақпандағы № 42 қаулысы (бұдан әрі -Қаулы) қабылданды.
Аталған қаулымен «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына толықтырулар енгізілді.
Қаулының 11-тармақшасында «Жаңартылған білім мазмұны бойынша бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне 30% қосымша ақы лауазымдық айлықақыға заңнамада белгіленген нормативтік оқу жүктемесінен артық емес нақты жүктемені ескере отырып белгіленетіндігін және көрсетілген қосымша ақыны белгілеу тәртібі мен шарттарын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайдығы» көрсетілген. Бұл толықтыру 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.
Сонымен қатар Қаулының 7-тармағында Білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұлттық біліктілік тестінен өткен бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін мұғалімдерге (педагог-шебер, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы, педагог-модератор) педагогикалық-шеберлік санаты үшін қосымша ақы 30%, 35%, 40% және 50% көрсетілген қосымша ақыны белгілеу тәртібі мен шарттарын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Аталған қосымша ақы лауазымдық айлықақыға заңнамада белгіленген нормативтік оқу жүктемесінен артық емес нақты жүктемені ескере отырып белгіленеді.
Осы тармақ 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Айдар Дидар