Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Облыс әкімі Табиғи монополияны реттеу департаменті басшысын қабылдады
    Денсаулық

    Облыс әкімі Табиғи монополияны реттеу департаменті басшысын қабылдады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа12.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімінің келісімімен Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша  департаментінің басшысы болып Мұратбек Есенбекұлы Әмірбеков тағайындалды.

    Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа басшыны арнайы қабылдап,  жұмысына сәттілік тіледі.  Кездесу барысында тарифтік саясатты жетілдірудің негізгі амалдары, бағаларды белгілеудің тазалығын қамтамасыз ету мәселелері сөз болды. Сондай-ақ әкім жаңа басшыға газ, су, электр жарығы, жылу тарифтерін тұрақтандыруға атсалысуға шақырды.

    «Күні кеше ғана Елбасымыз еліміздегі коммуналдық тарифтердің жөн-жосықсыз көтерілуіне жол бермеу туралы тапсырма берді. Енді сізге өңірдегі табиғи монополияларды реттеу бағытында аянбай еңбек етіп, нәтижелі жұмыс атқаруыңыз керек. Коммуналдық қызмет түрлерінің тарифін қадағалауда қырағылық танытып, тұтынушылардың құқықтарын сақтау бойынша белсенді болады деп сенемін!», — деді Жансейіт Түймебаев.

    Мұратбек Есенбекұлы 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі — жоғары. 2002 жылы «Тұран Астана» Қазақ гуманитарлы-құқықтық университетін бітірген. Мамандығы – заңгер.

    Еңбек жолын 2003 жылы Алматы облысы Қапшағай қаласы прокурорының көмекшісі болып бастаған. ҚР Әділет Министрлігі халықаралық міндеттемелерді орындау және сараптама бөлімінің жетекші маманы, 2007 жылы ҚР Президент әкімшілігінің құқық қорғау және сот жүйесі мәселелері бөлімінің бас сарапшы, 2008 жылы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде басқарма басшысы, 2009 жылдан 2018 жылға дейін ҚР Парламенті мәжілісінің апаратында бірқатар бөлімдерінде басшылық қызмет атқарған.

    Ол сондай-ақ «Қазақстан конституциясына 20 жыл», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 25 жыл» мемлекеттік  наградаларымен марапатталған.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    150 МЫҢ ДОЗА ВАКЦИНА САЛЫНАДЫ

    29.09.2026

    ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІГЕР ЖҰМАҒАЛИ ИСМАИЛОВ ҮНДІСТАННЫҢ АРНАЙЫ МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

    21.08.2026

    ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДИАГНОЗ ҚОЯДЫ МА?

    23.06.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.