Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҢТҮСТІКТІҢ ЖАС АҚЫНЫ БАС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ
    Жаңалықтар

    ОҢТҮСТІКТІҢ ЖАС АҚЫНЫ БАС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа09.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігі, Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен «Ұлы Даланың Ұланымын» Республикалық  жас ақындар айтысында Оңтүстіктің Қазақстан облысының жас ақыны Нұрғали Əнапия бас жүлдеге ие болды.
    Астана қаласының жəне Қазақ Ұлттық Өнер университетінің 20 жылдығына орай өткізілген дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 14 ақын қатысып, шалқыған шабытпен бекзат өнер-айтыстың абыройын асқақтатып,  өлең сөзбен түйін түйген болатын.
    Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында еліміздегі рухани құндылықтарды дəріптеп, оларды жырға қосқан жас ақындар еліміздің ажарына айналған Астана қаласы мен өнерлі жастардың томағасын сыпырып, қанат қақтырған ордалы оқу орнының 20 жылда жеткен жетістіктері мен жасампаз келешегін де сұңғыла сөзбен көрермен жүрегіне жеткізді.
    Айтыстың бірінші айналымында Қазақ Ұлттық Өнер университетінің студенті Бек Шматпен айтысып, жоғары нәтижеге қол жеткізген жас ақын екінші сында Ақтөбе облысының дүлдүлі Əлихан Жақсылықпен тартысып оза шықты.
    Шымкент қаласының 2017 жылғы «Ең жас ақыны» номинациясының иегері атанған Нұрғали Əнапия  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің екінші курсында оқиды. Алты жасынан бастап айтысқа қатысып, облыстық, республикалық, халықаралық додаларда сөз зергерлігін танытып жүрген айтыстың жас сөз зергері Б. Өтеп атындағы «Өнер» мамандандырылған мектеп-интернатының түлегі. Жетекшісі -аталған мектептің айтыс пәнінің мұғалімі Бекмұрат Анарбаев.
    Күнгей өлкенің даңқын асқақтатып, дарындар даралығын таныта білген жас ақынға шалқар шабыт, жемісті жетістіктер тілейміз!

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.