Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Назарбаев «халықтан жаппай ұрланған ақша» жайлы пікір білдірді
    Жаңалықтар

    Назарбаев «халықтан жаппай ұрланған ақша» жайлы пікір білдірді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа09.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында «мемлекет пен халықтың ұрланған ақшасы» жайлы пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Дельта банк» лицензиясынан айырылды, кредиттердің 100 пайызына жуығы банк акционерінің қоластындағы компанияларға берілді. Ал банк есебінде бұл көрсетілмеген және тексерістерден кейін ғана анықталды. Бұл банктің 60 пайыз жауапкершілігінде мемлекеттік сыңайлы құрылымдардың есепшоты болды. «Банк РБК» 90 пайыз кредитін төртінші заемшілерге берген, олар не банк акционерлері, не байланысы бар адамдар», — деп баяндама жасады Данияр Ақышев. «Бұл істі қашан қоямыз? Әблязов басшылық еткен «БТА Банкінің» халықтың ақшасын жаппай ұрлап жатқаны барлығының көз алдында. Әлем бойынша мұның мемлекеттен нағыз ақша ұрлау әрекеті екенін дәлелдеп шықтық. Қазір ше? Банк аштық, онда адамдар сеніп барды, енді сол акционерлер ақшаны алып кетіп жатыр, Ұлттық банк болса қарап қана отыр», — деді Қазақстан Президенті. Айта кетейік, кеңейтілген отырыс үкімет ғимаратында өтіп жатыр. Назарбаев отырыстың жоспары мен баяндамалардың кезегі жайлы айтып, премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа сөз берді. «Қазақстан соңғы 10 жылда сыртқы әсер мен әлемдік турбуленттiлiктің қысымында болды. Бұл еліміздің тез арада түбегейлі өзгеруі үшін ауыр кезең болды, дегенмен бұған еліміз сіздердің уақтылы қабылдаған шешімдеріңіздің арқасында жетті», — деді Сағынтаев Президентке. Сондай-ақ, Сағынтаев еліміздің өткен жылдардағы жетістіктерін атап өтті. Еске сала кетейік, биыл 10 қаңтарда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні жарияланған болатын.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.