Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Назарбаев: Ескі үйлерді бұзып, жерді бизнеске беру керек
    Жаңалықтар

    Назарбаев: Ескі үйлерді бұзып, жерді бизнеске беру керек

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа09.02.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ескі үйлерді бұзып, жерді бизнеске беруді тапсырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Біз қолжетімді баспана жайлы айтып отырмыз, оны адамдарға пайдалануға беру үшін салып жатырмыз. Бірақ адамдар әлі күнге дейін ескі үйлерде тұрып жатыр, ал жаңа үйлерді жалға береді — ақша табу үшін. Бұл дұрыс та шығар… Бірақ бізге ескі үйлерді бұзу керек», — деді Президент. Оның айтуынша, бұл мәселеге мемлекеттік-жеке серіктестікті араластыру керек. «Мысалы, төрт қабатты ескі үйлер тұр, олардың салынғанына 60-70 жыл болды. Ескі үйлерді бұзып, жерді бизнеске беру керек. Бұл тиімді ғой. Бизнеске ұтымды болады. (…) Мұнымен қоса, бұл жақсы тұрғын үйлерге көшуге мүмкіндік береді», — деді Мемлекет басшысы. Осыған дейін Назарбаев кеңейтілген отырыс барысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың баяндамасын тыңдап, өзіндік сынның жоқтығы жайлы айтқан еді. «Жақсы баяндадың, бірақ сын көзбен қарау керек», — деген еді Президент Сағынтаевқа. Айта кетейік, кеңейтілген отырыс үкімет ғимаратында өтіп жатыр. Назарбаев отырыстың жоспары мен баяндамалардың кезегі жайлы айтып, премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа сөз берді.
    Kaz.tengrinews.kz
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.