Елбасымыздың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісін мейлінше оңтайландыру және электрондық форматқа көшіру тапсырылды. Осыған орай:
— Республика көлемінде алғаш болып тікелей перинаталды орталықтарда баланың тууын тіркеуге өтініш беру, балабақшаға кезекке қою және жәрдемақы тағайындау қызметтері үшін «Бала туу» композиттік автоматтандырылған қызметін ұсыну жолға қойылды;
— Дәрігердің қабылдауына жазылу, үйге шақыру, емханаға тіркелу қызметтері үшін барлық медициналық ұйымдарға кешенді медициналық ақпараттық жүйе енгізіледі;
— Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау, медицина қызметкерлері мен педагогтарды аттестациялаудан өткізу барысы толық автоматтандырылады;
— Республика көлемінде бірінші болып облыстың барлық елді мекендерін қамтыған электронды карта құрылды;
— Жер, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік қызметтер де автоматтандырылатын болады.
«Айғақ» ақпарат.