Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Үндістан Үкіметтері арасындағы қосарланған салықты болдырмау, капиталға салынатын салықтарға қатысты салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға және Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы «1996 жылғы 9 желтоқсанда Нью-Делиде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға және Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңнын мәтіні баспасөзде жарияланады.