Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қызылордада 3 ай бұрын пайдалануға берілген үй сапасыз болып шықты
    Жаңалықтар

    Қызылордада 3 ай бұрын пайдалануға берілген үй сапасыз болып шықты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Апатты жағдайдағы ескі үйден құтылып, жақында жаңа қонысқа көшкен қызылордалықтардың берілген баспананың сапасына көңілі толмайды.

    Тұрғындар даулы мәселенің оң шешілуінен үміттеніп, біздің арнамызға арнайы хабарласты. Олар мердігер мекемелерді жауапқа тартып, пәтерлердің кем-кетігін жөндеп беруді талап етіп отыр.

    Жаппасбай батыр көшесіндегі көпқабатты үй 3 ай бұрын пайдалануға берілді. Оған апатты үйлердің тұрғындары қоныстанды.

    Соның бірі – Индира Әбитова. Зарыға күткен баспанасында газ, су және жылу болмағандықтан, қазір ол отбасымен бірге қыстап шығу үшін туыстарын паналап жүр. Индира Әбитова, Жаппасбай батыр көшесі №183 үй тұрғыны:

    – Суық басталысымен барлық бөлме азынап кетті. Мұз. Міне қараңыздар, жылуды түнде өшіріп тастайды, күндіз қанжылым. Жылу тоқтаса, бірден су ақпай қалады.

    «Кемедегінің жаны бір» демекші бұл жағдай барлық қоныстанушылардың басына туған. Олардың айтуынша, құрылыс жұмыстары сапасыз жүргізілген. «Бұрынғы ескі үйлеріміз ондаған жылда міз бақпап еді, ал жаңа үй алғашқы қысқа шыдас бермеді», – деп тұрғындар қынжылып отыр.

    Рақым Жамбылов, Жаппасбай батыр көшесі №183 үй тұрғыны:

    – Осы үйді алғалы бері бірыңғай құрылыс жұмыстарымен айналысамыз. Себебі төбенің, қабырғаның бәрі қабыршақтанып жерге түсіп жатыр.

    Бақыткүл Ыбыраева, Жаппасбай батыр көшесі №183 үй тұрғыны:

    – Күйеуім асханаға бара жатыр еді, гүрс етіп сылақ түсті. Сосын қорқып кеттік. Үйде кішкентай бала болмағанына шүкір.

    Кенжебек Қуандықов, Жаппасбай батыр көшесі №183 үй тұрғыны:

    – Өзім I топтағы мүгедекпін. Көшіп келгесін жылы жерге келдік деп ойлап едік. Ток ұяшығынан жел улеу дегенді түсінбедім, оған қайдан келеді жел? Тесік бар ма? Мынаның астынан да ұрады. Шырпыны ұстап тұрсаң, сөніп қалады.

    Тұрғындар арызына құлақ түрген қалалық әкімдіктің жауапты қызметкерлері нысанды тексеруден өткізіп, шағымның негізді екеніне көз жеткізді.

    Тұрсын Байменов, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

    – Тұрғындардан арыз түсті. Сол арызға байланысты толықтай зерделеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда мердігер мекеме 2 жылдық кепілдеме мерзімі бойынша кеткен кемшіліктерді толықтай жоюға толықтай тапсырмалар берілді.

    Айдарбек Сейтмұратов, «Қазқұрылыс сервис» ЖШС бас директоры:

    – Қабылдаған кезде бәрі тексеріліп, жобадан ешқандай ауытқу болмаған. Майда-шүйде кемшілік болады. Бірақ енді алып бара жатқан ештеңе жоқ. Біз оның бәрін өзіміздің уақытымыз бойынша барлық кепілдік мерзімінде сақтаймыз. Бәрін орнына келтіріп береміз.

    Қызылордада жалпы апатты үйлер мәселесі толықтай жойылды. Соңғы 3 жылда 10-нан астам шағын аудан салынды. Құрылыс қарқыны қуантады, әрине, тұрғындар тілегі тек сапасы да талапқа сай болса дегенге саяды.
    Дереккөз: 24.kz

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.