Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ж.Түймебаев былтырғы есебінде агроөнеркәсіп кешенін дамыту туралы баяндаған болатын…
    Жаңалықтар

    Ж.Түймебаев былтырғы есебінде агроөнеркәсіп кешенін дамыту туралы баяндаған болатын…

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Елбасы 2017 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін экономиканың жаңа драйверіне айналдыру міндетін қойды.

    Осы бағытта шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтардың, өнімін өткізу, сақтау жайы көзделуде. Өндіріс құралдарымен және материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау, қаржыландыруға қол жеткiзе алу үшін кооперативтер жүйесін жетілдіріп, өңірлік басымдылығына қарай агроаймақтар құратын боламыз.

    Етті, сүтті мал шаруашылығы мен құс, балық шаруашалығы да дамытылады.

    Мәселен, 2017 жылдың өзінде мал бордақылау алаңдары бар 30 жекелеген қосалқы шаруашылық біріктіріліп, іске кіріседі. «Қайып ата» шаруашылығы жанынан 2000 бас малды бордақылайтын «Ханшайым» кооперативі құрылып, жылына өндірілетін 1 мың тонна өнім толығымен экспортқа шығарылады.

    Ағымдағы жылы 3000-нан астам отбасы 36 мыңнан аса ірі қара малды бордақылайтын алаңдарды қосымша ашады.

    Осы бағыттағы агроаймақтар Қазығұрт, Сайрам, Түлкібас, Ордабасы, Бәйдібек, Созақ аудандарында құрылады.

    Сонымен бірге, 2017 жылы қосымша 722 отбасылық сүт фермасын ашу жоспарлануда.

    Сондай-ақ, сүт өнімділігін арттыру бағытында «Қазына жер ЛТД» шаруашылығы жанынан  2600 бас ірі қара малды ұстайтын 6 кооператив ұйымдастырылып, жылына 8 мың тонна сүт өндіру көзделуде.

    Ал Төлеби ауданындағы «Атамекен» корпорациясы 20 шаруашылықты біріктіріп, 400 басқа арналған сүт өндіру кооперативін қолға алды.

    Бұл бағыттағы агроаймақтар Сарыағаш, Төле би, Сайрам, Түлкібас, Орабасыаудандары мен Арыс, Түркістан қалаларында пайда болады

    Құс етін өндіру үшін ағымдағы жылы 56 мың басты бағатын 14 құс фермасы ашылады. Бұдан бөлек, «Шымкент құс» шаруашылығы мен қаржы институттарының қолдауы арқылы Төле би ауданындағы 20-дан астам шаруа қожалығы бірігеді. Олар балапандармен, қажетті құрама жеммен қамтамасыз етіліп, дайын өнімді орталыққа өткізу жүйесін жолға қояды. Мұндай агроаймақтар Ордабасы аудандары мен Арыс қаласында жүргізіледі.

    Балық шаруашылығы бойынша 2017 жылы 7 балық өндіру кәсіпорнын құру жоспарлануда. «Ақсанат Инжиниринг» шаруашылығы тәжірибесі негізінде кооператив ашып, шаруашылықтарды қажетті уылдырық пен құрама жеммен қамтамасыз етеді. Мұндай шаруашылықтар Шардара, Ордабасы, Түлкібас аудандары мен Түркістан қаласында қалыптасатын болады.

    Биязы жүнді қой шаруашылығын дамыту мақсатында «Қазығұрт Агро Сервис» шаруашылығы маңынан кооператив ашып, Қазығұрт пен Түлкібас аудандарында дамыту көзделіп отыр.

    Нәтижесінде 2020 жылға 90 мың жеке шаруа қожалықтарынан құралған 600-ден астам кооператив нақты іске кіріседі.

    Алдағы 5 жылда 4,6 мың шақырым каналды қалпына келтіріліп, 97 мың гектар алқап суландырылады.

    ҚР Су ресурстары комитетінің тарапынан 3,4 мың шақырым каналға және 672 дана гидро құрылымға қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде жылына қосымша 60 млрд. теңгеге өнім өндіріледі.

    Облысымызда егіс көлемі 72,4 мың га ұлғайтылып, 861 мың га жеткізіледі.

    Интенсивті бау, жылыжай, жаңғақ шаруашылықтарын дамыту жұмыстары белсенді түрде жүргізіледі. Дәстүрлі баулардан орташа гектарына 5-10 тонна өнім алынса, интенсивті баулардан 50-60 тонна өнім жинауға мүмкіндік бар.

    Қазығұрт, Төлеби, Сайрам аудандарында қарқынды алма, жаңғақ бауларының,Шымкент қаласы мен Сарыағаш ауданында жылыжай кешені агроаймақтарын қосу көзделуде.

    Осыған байланысты интенсивті баулардың көлемі 8 мың га ұлғайтылып, 2,5 мың га жаңғақ көшеттері егіледі.

    Жылыжайлар қосымша 1 177 га салынып, 2 300 га жетеді.

    Сонымен бірге 44 мың га тамшылатып суғару әдісі енгізіледі.

    Осы атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1,4 есеге артып, 624,0 млрд. теңгеге жетеді. Экспорттың үлесі 22 пайыздан, 35%-ға көтеріледі (2016 ж. 22,7 %).

    «Айғақ» ақпарат.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.