Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Каратэ – до спортынан жасөспірімдер арасында облыстың ашық біріншілігі өтуде
    Жаңалықтар

    Каратэ – до спортынан жасөспірімдер арасында облыстың ашық біріншілігі өтуде

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа03.02.2018Updated:03.02.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкентте Каратэ – до  спортынан жасөспірімдер мен кадеттер арасында ОҚО-ның ашық біріншілігі басталды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен №2 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырып отырған жарысқа жалпы саны 370 спортшы қатысып бақ сынауда. Яғни өңіріміздің бірнеше аудан-қалаларынан жиналған спортшылар тартысты кездесулер өткізіп турнирде жеңіс тұғырынан көрінуге талпынады.

    img-20180203-wa0049

    Ал мұндай дәрежедегі жарыстың Шымкентте өткізілуі осы бір  спорт түрінің қарқынды дамуының көрінісі. Айталық  өңіріміздің бірқатар аудан-қалаларынан іріктеліп келген  жас өрендер арасында да  бұған дейін  облыстық Республикалық турнирлерде топ жарып жүрген спортшылар бар. Осы орайда жарыс ұйымдастырушылары  әрбір ауданның намысын арқалап  келген жастарға сәттілік тілеп салтанатты түрде облыстық ашық біріншілікті ашып берді.

    Каратэ (жапон тілінен аударғанда қарусыз қолмен қорғанудың түрі мағынасын білдіреді)  яғни, қол және аяқпен қарсылас денесінің неғұрлым осал тұсына соққы беруге негізделген спорттық жекпе-жектің түрі. Сондықтан бұл адамның шапшаңдығы мен шыдамдылығын, ептілігі және дер кезінде  әдіс тәсіл жасай білуін шыңдап қана қоймай, спортшының бойындағы рух мықтылығы сыналатын спорттың  түрі. Осы орайда 370-ке тарта  сайдың тасындай іріктеліп келген жасөспірімдер арасындағы облыстың ашық біріншілігі   аса тартысты басталды. Боз кілем үстінде намысты қолдан бермеуге тырысып барларын салған жас  каратэ-до шеберлері   жиналған жанкүйерлердің қызу қолдауына ие болды.

    img-20180203-wa0046

    img-20180203-wa0048

    Бұл күнгі  кездесулерге жоғары дәрежелі білікті төрешілер төрелік жасаса, жарыстың алғашқы күнінен-ақ жасөспірімдер арасындағы алғашқы чемпиондар анықтала бастады. Мәселен 10-12 жас аралығындағы спортшылар арасында Шымкенттік Айым Наушабек барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп біріншілік жеңімпазы атанды.

    Сонымен ашық біріншілік  қорытындысы бойынша жарыс жеңімпаздары ұйымдастырушылар тарапынан  арнайы марапаттар мен сый сияпаттарға  ие болатын болады.

    Абай ОМАР

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.