Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ж.Түймебаев ғарышкеркермен кездесті
    Жаңалықтар

    Ж.Түймебаев ғарышкеркермен кездесті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа30.01.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Кеше Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев еліміздің үшінші ғарышкері, Халық Қаһарманы, генерал-майор «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ ұлттық компаниясының вице-президенті Айдын Айымбетовпен кездесті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

    Баспасөз қызметінің хабарында, кездесу барысында тараптар «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ның жоғарыдәлдiктi спутниктiк навигация жүйесiнiң жерүстi инфрақұрылымын пайдалану, навигациялық қызмет көрсету бағытында пікір алмасты. Осы ретте ғарышкер аталған компанияның Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы, жер инпекциясы, төтенше жағдайлардың алдын алу шараларына спутниктiк навигациялық қызмет көрсете алатынын жеткізді, делінген.

    «Елімізде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен 2005 жылы құрылған болатын. Компанияның мақсаты —  2020 жылға қарай жоғары технологиялық, динамикалық дамып келе жатқан, бәсекеге қабiлеттi ғарыш жүйелерiн дербес жобалауға, жасауға және пайдалануға, әрi өңiрлiк және дүниежүзiлiк нарықтарда талап етiлетiн сапалы қызметтер көрсету болып табылады. Бұл ретте біздің компания Оңтүстік Қазақстан облысының дамушы салаларына өзінің үлесін қоса алады»- деді Айдын Айымбетов.

    Ғарышкердің ұсынысын қабыл алған өңір басшысы облыстың тыныс-тіршілігін баяндап берді.

    «Сіз қазақ халқының үлгі тұтар азаматының бірісіз.   Оңтүстік Қазақстан облысының аграрлық әлеуеті орасан. Қазір осы саладағы әлеуеттерімізді кеңінен пайдалануға күш салып жатырмыз. Алдағы уақытта жер игеру секілді өзекті мәселелерде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясың қызметтерін пайдалануға мүдделі екенімізді жеткізгім келеді», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

    Өз кезегінде Халық Қаһарманы Айдын Айымбетов те зор ықыласпен қарсы алған облыс басшылығына ерекше ризашылығын білдірді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.