• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 8, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елімізде терроризммен күрес үшін 286 миллиард теңге жұмсалмақ

30.01.2018
0

Қазақстанда терроризм және діни экстремизммен күрес үшін 2018-2022 жылдар аралығында 286 миллиард 981,6 миллион теңге жұмсау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 — 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны әзірледі. Іс-шара жоспары Ашық НҚА порталында жарияланды. Енді оны еліміздің кез келген тұрғыны 6 ақпанға дейін талқылай алады. Бағдарламаны әзірлеу кезінде Норвегияның, Финляндияның, Канаданың, Америка Құрама Штаттары мен Біріккен Араб Әмірліктерінің оң тәжірибесі зерделенді және назарға алынды.

«Бағдарламаны іске асыруға 2018 — 2022 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қаражаттар жұмсалатын болады. Бағдарламаны іске асыруға бюджеттен жұмсалатын жалпы шығындар 286 981,6 млн теңгені құрайды. Атап айтқанда, республикалық бюджеттен 226 294,2 млн теңге, жергілікті бюджеттен 60 687,4 млн теңге қарастырылған. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру көлемі тиісті кезеңге бюджет қалыптастырылатын кезде нақтыланатын болады», — деп жазылған құжатта.

№ Қаржыландыру көзі 2018 жыл 2019

жыл

2020 жыл 2021 жыл 2022 жыл Барлығы
1. Республикалық бюджет (млн. теңге) 52

723,3

49

194,9

18

348,6

51

364,5

54

662,7

226

294,2

2. Жергілікті бюджет (млн. теңге) 23

884,6

14

736,8

11

636,0

6

097,6

4

332,4

60

687,4

БАРЛЫҒЫ: 76

607,9

63

913,7

29

984,6

55

179,2

56

712,2

286

981,6

Бағдарлама аясында келесідей мақсаттар орындалмақ:

қоғамда радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті және радикалдық идеологияға деген иммунитетті қалыптастыруға бағытталған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын жетілдіру;

тіркелмеген діни топтармен және қауымдармен, соның ішінде радикалдық идеологияға деген иммунитетті қалыптастыруға және діни араздықты немесе алауыздықты өршітуге жол бермеуге бағытталған діни бірлестіктерді тарта отырып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

халыққа діни қатынастар саласында консультативтік көмек көрсетуге бағытталған бірыңғай республикалық «114 — қауырт желісінің», радикалдық идеологиядан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалту және бейімдеу орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ сотталған адамдармен және олардың жақын ортасымен жұмыс жүргізу үшін өңірлерде өкілдіктерін құру;

қылмыстық-атқару мекемелерінде теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру жөніндегі бөлімшенің қызметін жетілдіру және қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталған адамдармен, оның ішінде радикалдық идеологияға деген иммунитетті қалыптастыруға бағытталған діни бірлестіктердің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

Интернет және әлеуметтік желілер арқылы радикалдық идеологияға деген иммунитетті, діни қатынастар саласындағы радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға және радикалсыздандыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оның ішінде мынадай жолдармен:

1) діни алауыздықты немесе араздықты жандандыруға, терроризм мен экстремизм идеяларын насихаттау түрлерін, әдістері мен тәсілдерін әшкерелеуге бағытталған терроризм мен экстремизм идеяларының қауіптілігін түсіндіру;

2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, сондай-ақ діни бірлестіктер арқылы үкіметтік емес ұйымдарды тарту;

3) жаңалықтарды жариялайтын порталдарда, әлеуметтік желілерде, соның ішінде танымал блогерлер мен қоғамдық пікір жетекшілері арқылы ақпараттық-түсіндіру және қарсы насихат материалдарын тарату;

4) жастар үшін ақпараттық-түсіндіру және қарсы насихат материалдарының көрнекі әдістерін (роликтер, бейнематериалдар), ойын элементтері мен интерактивтік әдістерді пайдалану;

5) әлеуметтік желілерде аккаунттардың сүйемелдеуін ұйымдастыру және терроризмге қарсы тақырып бойынша мемлекеттік органдардың, ғылыми-сараптамалық қоғамдастық пен діни бірлестіктердің өкілдерін сөз сөйлеулерін орналастыру.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.