Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Айғақ»: Журналист сұрау салуына жауап алмаса лауазымды адамдар жауаптылықта болады
    Жаңалықтар

    «Айғақ»: Журналист сұрау салуына жауап алмаса лауазымды адамдар жауаптылықта болады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа26.01.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Ақпарат саласындағы  заңдағы негізгі ұғымдар:

    Лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша билiк өкiлiнiң функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдық-өкiмдiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам;

    Журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкiлi) – еңбек қатынастары немесе өзге де шарттық қатынастар негiзiнде бұқаралық ақпарат құралы үшiн хабарламалар мен материалдар жинау, оларды өңдеу және әзiрлеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға;

    Сұрау салу – ақпарат иеленушіге осы Заңда белгіленген тәртіппен айтылған немесе жіберілген, ауызша немесе жазбаша нысандағы, оның ішінде электрондық құжат түріндегі ақпарат беру туралы өтініш.

    Журналист — Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» (бұдан әрі  — Заң) және «Ақпаратқа қол жеткізу» Заңдарға сәйкес, ресми хабарларға кірмейтін ақпараттарды  мемлекеттік органдардан сұрау салу арқылы алуға құқысы бар. Тиісті ақпаратты журналист ауызша немесе жазбаша ала алады.

    Журналист ақпарат иеленушіге телефон арқылы ауызша сұрау салумен жүгінген кезде өзін таныстыруға және әңгіменің аудиожазбасы жүргізілген жағдайда, ол туралы хабарлауға міндетті.

    Жазбаша сұрау салулар туралы құжатты бас редактор немесе уәкілетті тұлға және аккредиттелген журналист рәсімдейді және электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

         Егер, ауызша немесе жазбаша сұрау салуда жауап жолдаудың мерзімі көрсетілмесе, ол келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылады.

         Ақпарат иеленуші жеті жұмыс күні ішінде жауап беруге мүмкіндік болмаса, қарау мерзімін ақпарат иеленушінің басшысы бір мәрте күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралына қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде хабар беріледі.

    Журналистің сұрау салу бойынша ақпарат беруден:

          1) егер сұрау салудың мазмұны сұрау салу жіберілген ақпарат иеленушінің құзыретіне кірмесе;

          2) егер сұрау салу осы Заңның талаптарына сәйкес келмейтін болса;

          3) егер сұрау салынған ақпарат қолжетімділігі шектелген ақпаратқа жататын болса;

          4) мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберінде жүргізілетін тексерулердің нәтижелері бойынша шешім қабылданғанға дейін;

          5) ведомствоаралық және ведомствоішілік хат алмасу немесе мемлекеттік органдардағы кеңесулер негізінде әзірленетін түпкілікті шешім қабылданғанға дейін;

          6) шет мемлекеттерден немесе халықаралық ұйымдардан келіп түскен құжаттарды ашу шарттары туралы өзара келісім қабылданғанға дейін бас тартылады.

    Сонымен қатар, Заңға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарының сұрау салуына жауап ұсынбағаны немесе уақтылы жауап ұсынбағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

                Заңға сәйкес бұқаралық ақпарат құралының өкілі сұрау салынған ақпаратты беруден бас тартуға мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдардың азаматтар құқығына қысым жасайтын құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне шағым жасау үшін бағыныстылық тәртібімен не сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.

    Айдар Дидар.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.