Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ж.ТҮЙМЕБАЕВ АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІНЕ КЕНЕТТЕН КІРІП КЕЛДІ
    Жаңалықтар

    Ж.ТҮЙМЕБАЕВ АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІНЕ КЕНЕТТЕН КІРІП КЕЛДІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа24.01.2018Updated:24.01.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкент қаласындағы № 24 мектеп-лицейде  өтіп жатқан Еңбекші  ауданының әкімі  Ғалымжан Илясовтың  халық алдындағы есеп беру кездесуіне  ОҚО әкімі  Жансейіт Түймебаев  кенеттен кіріп келді. Облыстың бірінші басшысын келеді деп күтпеген  Еңбекшінің әкімі де, қала мэрі Сауранбаевта бір сәт  таң қалып қалды.

    03

    Ал, залдағы тұрғындар күтпеген жерден келген әкімнің іс-әрекетіне риза болып, қол  шапалақтады. Халықпен амандасып,  мінберге шыққан Жансейіт Қансейітұлы: «Күтпеген боларсыздар, мен енді әкім есептеріне осылай айтпай кіріп келемін. Білейік,олар халыққа не айтып жатқандарын»,  деді.

    01

    Осыдан соң орнына жайғасқан бірінші басшы  Ғалымжан Молдабайұлына жиынды әрі қарай жалғастыра беруге рұқсат берді. Бұл уақытта Еңбекшінің әкімі жылдық жұмысының баяндамасын  аяқтап, залдағы көрермендердің сауалына жауап беріп жатқан болатын. Темірді қызған кезде соқ дегендей, бұған дейін аудан әкіміне мәселелерін айтып жатқан тұрғындар, облыс әкімінің қатысқанын пайдаланып, тікелей Түймебаевқа жолдады.

    05

    Негізгі сауалдар: жол, кәріз жүйлері мен аулалардағы ойын алаңшаларына қатысты. Барлығынан хабардармын,бюджетке ұсыныс бергенмін деген аудан басшысының сөзін Жансейіт Түймебаевта толықтырды. «Барлық мәселелеріңіз уақытысымен шешіледі. Кезінде тап осы көпқабатты үйлерде жарық, газ болмай, далаға ошаққа тамақ пісірген кездер де болған. Бюджет шексіз емес қой. Кішкене сабырлық  танытайық» деді.

    04

     

    08

    Сондай-ақ, Түймебаев әкім есебі өткен мектеп оқушыларымен кездесті. Естеріңізге сала кетейік, Еңбекші ауданының әкімі  Ғалымжан Илясовтың  бұл 2017 жылдағы жұмыстары бойынша   қорытынды есебі болатын.

    Гүлжан НҰРЛАНҚЫЗЫ

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.