Елбасы биылғы жолдауында «Ақылды технологиялар» агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі екендігін атап айтты. Бұл тұрғыда мемлекет басшысы оқу орындарының оқу бағдарламаларын жаңартып агрөнеркәсіп кешеніндегі озық білім мен үздік тәжірибені тарататын орталықтарға айналдыру қажеттігін ұсынды. Міне осы бағыт аясында жұмыс жатқан оқу орындарының бірі Қазығұрт ауданындағы №11 кәсіптік колледжі. Орта арнаулы кәсіптік білім беру мекемесінің іргетасы 1958 жылы қаланған. Мұнда қазір 7 мамандық бойынша 500-ге тарта студент білім алуда. Осы орайда аталмыш колледжде мемлекет басшысының биылғы жолдауын жүзеге асыру және оны кеңінен насихаттау бағытында жүйелі жұмыс жасап келеді.
Айталық жолдауда оқу орындарының оқу бағдарламаларын жаңартып агрөнеркәсіп кешеніндегі озық білім мен үздік тәжірибені тарататын орталықтарға айналдыру қажеттігі баса айтылған. Бұл ретте өз алдына оқу өндірістік базасы бар мекеме сапалы мамандар даярлау ісіне басымдық беріп отыр. Мәселен болашақ мамандарды оқыту процесінде 60 пайызға дейін тәжірибиелік білім беру мақсатын көздейтін дуалды оқыту жүйесінің маңыздылығы айрықша. Сондықтан оқу ордасында қазір 2 мамандық дуалды оқыту жүйесі арқылы оқытылады.
Абай ОМАР