Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»2017 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысына 70 мыңнан астам жер телімі бөлінді
    Жаңалықтар

    2017 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысына 70 мыңнан астам жер телімі бөлінді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа24.01.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, «Бәйтерек» ҰБХ басқарушы директоры, басқарма мүшесі Қайырбек Өскенбаевтың, сондай-ақ «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимованың қатысуымен ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифингте осындай мәлімет берілді, деп хабарлайды ҚР ПРемьер-Министрінің баспасөз қызметі.

    Журналистердің сұрақтарына жауап берген Жеңіс Қасымбек жыл сайын жеке тұрғын үй салу үшін мемлекеттік бағдарлама бойынша 40-50 мың жер телімін бөлу жоспарланғанын атап өтті. Алайда, 2017 жылы инженерлік коммуникациялар 70 мыңнан астам жер теліміне жүргізілді және олардың бәрі жеке үй салушыларға бөлінді. 2018 жылға сондай-ақ 70 мың жер телімін бөлу жоспарланған.

    «Жеке құрылыс мәселесі өте өзекті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев та еске салып өтті. Расымен өңірлерде барлық жерде бірдей бұл мәселемен тікелей айналыспайды. Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында жыл сайын барлық коммуникациялар жүргізілген 15 мыңға дейін жер телімі бөлінеді. Премьер-Министр бұл мәселені бақылауға алуды өзінің орынбасары Асқар Маминге тапсырды. Сондықтан, біз енді ай сайын соның деңгейінде жеке тұрғын үй құрылысы барысын қарайтын боламыз», — деді Жеңіс Қасымбек.

    Министр сондай-ақ «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй салушыларға қойылатын талаптарға қатысты түсініктеме берді. Осылайша, оның айтуынша, Астана, Алматы, Атырау, Ақтауда тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны 180 000 теңгеден, ал қалған қалаларда — 140 000 теңгеден аспауы тиіс.

    Жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін бөлу тәртібі туралы журналистердің сұрағына ҚР ИДМ Құрылыс және ТКШ істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов жауап берді. Айтылған мәліметтерге сәйкес Астана мен Алматыдан басқа барлық өңірлерде жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін бөлу қарастырылған.

    Салынып бітпеген нысандарға қатысты сұраққа жауап берген «Бәйтерек» ҰБХ басқарушы директоры, басқарма мүшесі Қайырбек Өскенбаев Қазақстан бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында жосықсыз үй салушылар жоқ дерлік екенін айтты. Талдықорғандағы бір ғана нысанға қатысты мәселе бар. Қазір сол бойынша сот процесі жүріп жатыр.

    primeminister.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.