Батыс Қытай Батыс Еуропа жолының бойында орналасқан Қызыл көпір ауылында 18 жастағы жас өспірім оққа ұшты. Оқиға 21-ші қаңтар күні Арыс қаласының Дермене ауылдық округіне қарасты Қызыл көпір ауылындағы «Мәден ата» дәмханасында орын алған. Нақтырақ айтсақ 18 және 19 жас аралығындағы аталмыш ауылдың жастары өзара сөзге келіспей қалған екен. Түнгі сағат 12-лер шамасында басталған ерегіс төбелеске ұласқан. Алайда Қарсы тарапқа әлі келмеген күдіктілер Шымкент қаласынан көмекке достарын шақырады.
Сондай-ақ күдікті дәмхана ішінде отырған адамдардан сескенбей есіктен кірген бетте 18 жастағы Самат Серікұлына қарай оқ атқан. Шолақ мылтықтан атылған пытыра оғы жәбірленушінің сол аяғына тиіп ауыр жарақат алады. Оқиға болған жерге жеткен жедел жәрдем қызметкерлері жігітті Бәйдібек аудандық орталық ауруханаға жеткізген. Аталмыш мекеменің хирургия бөлімінің меңгерушісі Әсет Ғалиевтың айтуынша оққа ұшқан жігіт көп қан жоғалтқан. Осыған орай медицина қызметкерлері Самат Серікұлына жедел ота жасапты. Алайда бала есін жиғанмен оқ қалдықтары әліде қалған дейді.
Жастар арасында орын алған бұл қылмыстық оқиға мұнан бұрында болған екен. Ауыл тұрғындарының айтуынша дәл осындай адам жанына зәбір келетін қылмыстық оқиғалар ішімдікке, сылқия тойғандар арасында жиі қайталанатын көрінеді. Сонымен қатар қылмыстық оқиға орын алған сыра сататын дәмханада ҚР Заң талаптарына сай болмай шықты. Дәлірек айтқанда алкаголь өнімін сатуға руқсат етілген лицензиялық құжат, мұнымен қоса кассалық аппарат және бейне бақылау камерасы да қойылмаған. Соған қарамастан бүгінге дейін дәмхана егесі сыраны да арақты да сатқан екен.
Қазіргі таңда қылмыстық оқиғаға қытысы барлар тергеліп тексеріліп жатыр. Күдікті әліде іздестірілуде. Сонымен қатар нақты ақпарат алу үшін ІІО қызметкерлері атыстан зардап шеккен Самат Серікұлының жансақтау бөлімінен шыққанын күтуде.
Мақсат ТОҚСАНБАЙ.