Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Оңтүстікте 150 дәрі жыл соңына дейін қымбаттамайды
    Денсаулық

    Оңтүстікте 150 дәрі жыл соңына дейін қымбаттамайды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа18.01.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысында халық ең көп қолданатын 150  дәрі  жыл соңына дейін қымбаттамайтын болды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

    Хабарда айтылғандай, бұл  облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен «Даму» фармацевтикалық және медициналық қызметкерлер қауымдастығы арасында қол қойылған меморандум нәтижесінде  жүзеге асады. Ынтымақтастық  келісімі — қарапайым халық арасында кеңінен қолданысқа ие 150 түрлі дәрілік заттар мен медициналық өнімдердің бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында жүзеге асырылды.

    Облыс әкімдікте өткен меморандумға қол қою шарасына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен дәріхана ұйымдары тарапынан 40 фармацевтикалық ұйым басшысы қатысты. Енді отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіруші компаниялар мен шетелдік тауарлардың ресми дистрибьюторлары 150 дәрілік заттың бағасын жыл соңына дейін көтермейтін болып келісті.  Бұл халық басы ауырып балтыры сыздағанда жиі ішетін, ауырсынуды дене қызуын басатын медициналық препараттар болып табылады.

    Меморандум мақсаты — облыс халқын қолайлы бағада сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз ету, әрі өзара ынтымақтастық орнату.

    Меморандумға 150 түрлі дәрі-дәрмек енгізіліп отыр. Қол қойылған  Меморандумның нәтижесі аясында 2017  жылға қарастырылған дəрі — дәрмектердің 150 атауының ішіндегі 13 түрінің бағасы едәуір төмендетіледі. Бұл дәрілердің әлеуметтік маңызы зор. Осылайша біз облыс тұрғындарының басым бөлігіне қолдау көрсетеміз. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдап, келісімге қол қойып отырған дәріхана басшыларына Оңтүстік жұртының атынан ризашылығымды білдіремін», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

    Ортақ мақсаттағы келісімге сәйкес жүрек-қан тамырлары ауруына, қабынуға қарсы, анальгетиктер, антигистаминдер, асқазан мен гипотензивті препараттар, көз және құлақ тамшылары мен дәрумендердің бағасын бір деңгейде ұстап тұруды мекеме өкілдеріне өз жауапкершіліктеріне алып отыр. 

    Фармацевтикалық қызметті бақылау департаментінің басшысы Л. Қашқымбаева ірі тасымалдаушы фирмалармен келісім-шарттар жасалып жатқанына тоқталды. Сондай-ақ дәріханалар желілерінің әлеуметтік жауапкершілігі турасында атқарып жатқан жұмыстарын баяндады.  Кездесуге қатысушылар тиісті меморандумға қол қою халық арасында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды қадам деп отыр.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.