• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қыркүйек 16, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бақтияр Қожахметов: Ұлытау Қазақстан туризмінің күретамырына айналатын болады

18.01.2018
0

Ұлт көшбасшысының өзі «Ұлт ұясы – Ұлытау» атаған ұлық мекен алыс-жақыннан ат басын бұрар туристердің қызығушылығын ертеден оятқан өлке. Еліміздің тарихи кіндігіне айналған Ұлытау өңіріне қатысты мемлекеттік деңгейде түрлі бағдарламалар да қабылданған болатын. Елбасы соңғы Жолдауында да Ұлытау секілді еліміздің тарихи орындарын перспективалық табыс көздерінің біріне айналдыру туралы айтты. Осыған орай «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражай директоры Бақтияр Қожахметовпен өңірдегі туристік мәселелерге қатысты сұқбаттасудың сәті түскен еді.

— Өзіңіз білетіндей, Елбасы биылғы Жолдауында: «Бүгінде әлемдегі әрбір оныншы жұмыс орнын ұсынушы сыртқы туризм мен ішкі туризм кез келген өңір үшін перспективалық табыс көздерінің бірі болып саналады» деді. Ал Ұлытау ауданында туризмді дамыту қалай іске асып жатыр?

— Кезінде «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша Ұлытау ұлттық символдар қатарына, еліміздің алтын қазынасына енді. Туризмді дамытудың алғашқы қадамы 2010 жылдың наурыз айында жасалды. Әкімшілік пен мәслихат бірлесіп «Ұлытау – қазақтың көне астанасы» атты туризмді дамыту бағдарламасын бекітті. Іс-шаралар жоспары бойынша Ұлытау ауылындағы жалғыз мейрамхана күрделі жөндеуден өтті, ондағы бөлмелер саны 10-нан 15-ке дейін артты. Аудан орталығынан 2 шақырым жерде орналасқан қонақтарға арналған 12 орындық резиденция құрылысына қаржы бөлінді. «Болатсай» демалыс үйі салынды. Ұлытау ауылының өзінде жергілікті тұрғындарды жұмылдыру арқылы қонақ үйлер ашу жұмыстары жүргізіле бастады. Бұл қадам жаңа жұмыс орындарын ашып, оның санын арттыруға негіз болды. 2010 жылы «Ақмешіт» зиярат етушілер орталығын салу жұмыстары басталды. Бұл кешен құрамына Визит-орталығы, этноауыл мен автокэмпинг кіреді. «Қазақмыс» корпорациясы демеушілерінің қаржысы есебінен «Асан қайғы» және «Хандар алаңы» ескерткіштері ашылды.

Жыл сайын «Терісаққан көктемі» этнофестивалі ұйымдастырылады. Этнофестиваль қонақтары — Америка Құрма Штаттары, Франция, Бахрейн Корольдігі, Польша, Ресей, Украина, Латвия, Қырғызстан елдерінен келген туристер. Аудандық бюджет қаржысынан Шыңғыс ханның аты аңызға айналған бас қолбасшысы Кетбұқаға ескерткіш қойылды. Алаш орда көсемдеріне арналған «Бес арыс» саяжолы, «Таңбалы тас» демалыс саябағының құрылыстары аяқталды. Осы жылы саябақ территориясында аудандық өлкетану мұражайының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Ал орталық кәріз құрылысының аяқталуы – ауыл тұрғындары мен туристтер үшін қуанарлық жайт.

— Менің білуімше, Ұлытау ауданының жол жағдайы, әсіресе, туристік нысандарға барар жолдар ешқандай сын көтермейді. Бұл мәселе бойынша облыс әкімдігі тарапынан нендей шаралар жүргізілуде?

— Президенттің биылғы Жолдауында «Ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салуға арналған қаржы көлемін көбейту керек. Бұл жұмысқа өңірлердегі барлық әкімдіктің белсенді қатысуын қамтамасыз ету керек» — деген болатын.

Осыған сәйкес, облыстық Мәдениет департаментінің ықпалымен бірнеше тарихи ескерткішке абаттандыру жұмыстары, археологиялық және қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр (Дулығалы мешіті, Аяққамыр, Домбауыл, Теректі әулие, Жошы хан, Алаша хан, Ерден). Өткен жылы Дүзен мазарының күрделі қайта өңдеу жұмыстары аяқталды. Қорық-мұражай ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа экспозиция жасалды. Қазіргі таңда Жошы хан және Алаша хан есерткіштеріне барар жолдарды жөндеу және құрылысты жүзеге асыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы жылы орта ғасырлық қалашық Басқамырда қайта өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

— Үкімет тарапынан қолдау бар ма?

— Туризм саласын Мәдениет және спорт министрлігіне бергені біз үшін жағымды жаңалық болды. Өткен жылдың сәуір айынан бастап біздің министрлікте туризм бойынша комитет құрылды. Қадағалаушы вице-министр бар. Қысқа мерзім ішінде комитет Қазақстандағы туризмнің даму тұжырымдамасын әзірледі. 2014 жылы тамызда Ұлытауға келген сапарында Елбасы қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихындағы Ұлытаудың рөлі мен орны жайлы айтқан пікірі біз үшін үлкен жетістік болды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз сапарында бәсекеге қабілетті туризм орталығын қалыптастыру үшін Ұлытаудың мүмкіндіктерін атап өткен болатын.

Екінші жетістігіміз – ҚР Премьер-министрінің Әулиетау етегінде төрт министрдің қатысуымен Ұлытауда туризмді дамыту мәселелері бойынша өткізген отырысы. Осы отырыста сол кездегі Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің ҚР №21-5/11-12 хаттамалық тапсырмасына қол қойылды. Бұл тапсырмалар қазіргі Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың 23.11.2016 жылғы №21-34/11-12(2.9.3-т) хатында жаңартылды.

Ұлытауда туризмді дамыту мәселелері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2016 жылдың 29 желтоқсанындағы №349 бұйрығымен бекітілген Стратегиялық жоспарына енгізілді.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында туризмді дамытуда маңызды аймақтардың ішінде бірінші болып Ұлытау аталды. Одан бөлек, Ұлытауда туризмді дамыту Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев бекіткен «Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» 30.06.2017ж. №406 Қаулысына енгізілді.

— Әрине, мұндай өңір «Қазақстанның қасиетті жерлер географиясына» енбей қалуы мүмкін емес. Осы тұрғыда қандай істер атқарылып жатыр?

— «Қазақстанның қасиетті жерлер географиясы» ескерткіштер тізіміне Ұлытаудың 9 ескерткіші енді. Оның барлығы да еліміздің тарихы үшін, ұлттық рухани дүниеміз үшін маңызды ескерткіш деп саналды. Мұнан бөлек «Терісаққан көктемі» этнофестивалі 2015 жылы Қазақстанның материалдық емес элементтер мәдени мұрасының Ұлттық тізіміне енді. 2017 жылдың наурыз айында адамзаттың материалдық емес мәдени мұра Репрезентативтік тізіміне әдет-ғұрыптарды қосу үшін Қазақстан Республикасы атынан осы жылы «Қазақ жылқышыларының дәстүрлі көктемгі мерекелік жоралғылары» тақырыбында енетін номинация ЮНЕСКО-ға ұсынылды.

2017 жылы қарашада «Ұлытау» қорық-мұражайының қызметкерлері Лондонда 1980 жылдан бері жыл сайын өтіп келе жатқан «WorldTravelMarket» (WTM) бүкіләлемдік жәрмеңке-көрмесіне қатысты. Бұл көрмеге дүниежүзі туризм саласының 80 мыңнан астам маманы қатысты. Олардың басым көпшілігі біздің көрме арқылы Ұлытаудың көрнекті орындары туралы танып білді.

— Ұлытауда қазіргі заманға сай Визит орталығының құрылысы басталатыны туралы естіген едік. Қазіргі атқарылып жатқан жұмыстары қандай?

— 2017 жылдың желтоқсан айының соңында «Ұлытау» мұражай-қорығының Визит орталығын салу бойынша сметалық құжаттар мен жоба-нобайын құрастыру аяқталды. Премьер-министр мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасы бойынша 2017 жылы конкурстар өткізу үшін республикалық бюджеттен 49 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді. Визит орталығының құрылысы 2018-2019 жалдары аяқталады деп жоспарланған. Бұл — 2 мың шаршы метр ауданды ғимарат. Онда туристік маршруттар, Ұлытау тарихының ескерткіштері мен табиғаты туралы мәліметтер алатын ақпараттық зал жоспарланған. Ғимаратта конференциялар мен семинарлар өткізетін конференц-зал және дөңгелек үстел өткізуге арналған кіші зал қарастырылған. Сондай-ақ, 15 адамға арналған қонақ бөлмелері мен 70 орындық асхана жоспарланған.

Визит орталық – бұл Ұлытау мұражай-қорығының туризмді дамтудағы үлкен жобасының тек алғашқы кезеңі. Қазір бұдан бөлек, «Этноауыл – Хан шатыр» екінші жобасы дайындалу үстінде. Бұл жобаның жүзеге асырылуы 2020-2021 жылдарға жоспарланған.

Сонымен қатар Визит орталығын жобалауға қатысты тағы бір ерекше жағдайға тоқталғым келеді. Біз бұл орталықты салу барысында энергияның жаңартылатын көздерін пайдалануды ескердік. Егер нақтырақ айтсақ, біз күн сәулесінен қуат алатын, энергиялық тиімді гелийлік жайпақ коллекторларымен жылу сорғыш құрылғыларды орнатуды көздеп отырмыз. Яғни өткен жылы ғана елімізді әлемге танытқан «ЭКСПО-2017» көрмесінің бас тақырыбы болған табиғи энергия көздерін пайдаланатын боламыз.

— Бұл салаға тағы кімдер қол ұшын береді?

— Туризмді дамытуға жекеменшік бизнес құрылымдар да белсенді қатысады. Мәселен, атақты кәсіпкер Марғұлан Сейсенбаев «Ұлытау мұрасы» экспедициясын ұйымдастырды, жолкөрсеткішті шығарды, жануарлар дүниесін қорғау үшін табиғи жекеменшік қорық ашты. Сонымен қатар, құландарға арналған вольер мен сым жолының құрылысы туралы мәселелерге жетекшілік етті. Виталия Шуптара басшылық ететін «Авалон» қоғамдық бірлестігі ескерткіштердің толық сипаттамасы мен маршруттардың GPS координаталары бар мобильді жол көрсеткішін және алғашқы жол көрсеткіш кітапшасын шығарды. Фермер Әжібаев Рақым Кененбай көлінің жағалауында туристерге арналған қонақ үй мен қоғамдық монша салды. Сонымен қатар, «Қазақмыс корпорациясы» жан-жақты көмек көрсетіп келеді. Жыл сайын құрылысқа, ескерткіштерді абаттандыруға, аймақ тарихын насихаттауға арналған атаулы іс-шараларды өткізуге ақша бөлінеді. Туризм Ұлытау экономикасы дамуының катализаторы боларына мен сенімдімін.

Бәсекеге қабілетті түпкі өнімімен халықаралық нарыққа шыға алатын Ұлытаудың жақсы мүмкіншіліктерін көрсететін даму құралы туризм болып қала бермек.

Дереккөз: baq.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

Айғақ медиа
11.09.2025
0

Бесінші қыркүйек түні патрульдеу кезінде шымкенттік полиция инспекторлары Ерсұлтан Өмірзақов пен Рахат Мырзабеков өздерінің қырағылығы мен батыл қимылының арқасында үлкен...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ШЫМКЕНТТЕН АЛҒАШҚЫ САРБАЗДАР ОТАН ҚОРҒАУҒА АТТАНДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарындағы бөлімдерге алғашқы шақырылушыларды аттандыруға арналған салтанатты рәсім өтті. Еліміздің болашағын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рахымов есімін иеленген әскери колледждің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі,...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ШЫМКЕНТ ГАРНИЗОНЫНДА ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Шымкент гарнизонына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар әскери бөлімдер мен мекемелердің қызметін, инфрақұрылымын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ЕСІРТКІ ЖЕТКІЗУ АРНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері ірі көлемдегі синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Қоғамда «Заң мен тәртіп»...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

КЕЗЕКТІ  «ЖАС САҚШЫ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепте жаңа «Жас сақшы» кадет сыныбының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа сыныпқа қызмет бабында ерлікпен қаза...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.