Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкент тұрғындарының өтініштері тездетіп қаралып, нақты нəтиже шығарылуда
    Жаңалықтар

    Шымкент тұрғындарының өтініштері тездетіп қаралып, нақты нəтиже шығарылуда

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа17.01.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    ????????????????????????????????????
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев түйткілі шешілмеген нысандарды аралады. Шаһар басшысы «Әкімге сұрақ» айдарында тұрғындардан түскен өтініштерде көрсетілген мекенжайларға барды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

    Соның бірі — Желтоқсан көшесінің тұрғындары 15 жылдан бері өз үйлеріне еркін кіріп шыға алмайтынына арызданған. Жан-жағына құрылыстар салынып, сауда орындары ашылып, жолды жауып тастаған. Төтенше жағдай орын алса, автокөліктер де жүретін жол таппайды. Бұл мәселе сол жерде шешімін тапты. Қала әкімі бір апта ішінде жолдың кеңейтілетініне сөз берді.

    Келесi мәселе — №36 мектеп. 2 жыл бұрын күрделі жөнделген ғимарат тағы да жөндеуді қажет етіп тұр. Ата-аналар құрылыстың сапасыз жасалып, мектепке кіреберістің балалар өміріне қауіпті екенін айтады. Қала басшысы бір апта көлемінде нысанды тапсыру туралы актіні қарап шығатынын айтты. Сонымен қатар балалардың мектеп алдындағы жолдан өтуі де қиындық тудыруда. Мәселенің шешімі осы апта ішінде жолдың жиегіне балалардың суреті салынған макет қоюумен шешілетін болды.

    Тағы бір мектеп, дәлірек айтқанда, жаңа жыл қарсаңында Нұрсәт шағынауданында қолданысқа берілген №130 мектептің де күрмеуі шешілмей тұр. Ата-аналар балаларының жолдан өтерде қорқатынын айтады. Енді мектептің бір жағынан тротуар салынса, екінші жағынан мектепке кіретін қосымша есік орнатылатын болды.

    Тұрғындар өз өтініштеріне мұндай тез жауап аламыз деп ойламағандарын айтады. «Әкімге сұрағымды жолдағанда оған назар аударады деп те ойламадым. Ал бүгін әкім өзінің қызметкерлерімен келіп, барлығын өз көзімен көрді. Мұндай жылдам әрекетке алғысымды білдіремін» дейді өтініш білдіруші азаматша.

    Айта кетейік, Инстаграм желісіндегі «Әкімге сұрақ қой» айдарына бір күнде Шымкенттің 277 тұрғыны өзінің сауалын жолдаған. Өтініштердің басым бөлігі көлік, жол, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, сондай-ақ баспана алу мәселесі болды. Барлық өтініштер қаралып, тиісті бөлімдер жұмыс істеуде.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.