• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан және АҚШ: XXI ғасырдағы кеңейтілген стратегиялық әріптестік

17.01.2018
0
Америка Құрама Штаттары, Вашингтон қаласы

Президент Дональд Трамп АҚШ пен Қазақстан арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті талқылау үшін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Ақүйде қабылдады. Президент Н.Назарбаев Президент Д.Трампқа қонақжайлылығы үшін алғысын білдірді және оны келешекте Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Екі көшбасшы Қазақстанның тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын және егемендігін, сондай-ақ жаһандық бейбітшілік пен өркендеу ісін ілгерілетудегі рөлін құптады.

1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алған кезден бастап Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы қарым-қатынастардың даму қарқынын мойындай отырып, көшбасшылар саясат пен қауіпсіздік, сауда мен инвестициялар жөніндегі ынтымақтастықты, сондай-ақ екі ел халықтары арасындағы байланыстарды Кеңейтілген стратегиялық әріптестік комиссиясы аясында жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулер өткізу арқылы нығайтуға шешім қабылдады. Екі мемлекеттің басшылары «C5+1» диалогы сияқты өңірлік ынтымақтастық форматтарын пайдалану арқылы Орталық Азиядағы ортақ сын-қатерлерге төтеп беруге дайын екендіктері туралы мәлімдеді. Сондай-ақ, болашақта Ауғанстанның «C5+1» жобаларына қатысуын да құптады. Олар Ауғанстандағы шиеленісті бейбіт жолмен реттеуге және өңірдің саяси және экономикалық байланыстарының одан әрі дамуына ықпал ететін бастамаларды ілгерілетуге қол жеткіземіз деп шешті. Екі ел көшбасшылары заң үстемдігі мен адам құқықтарын сақтай отырып, зорлық-зомбылық экстремизмі мен халықаралық терроризмге қарсы тұру үшін ынтымақтастықты тереңдетуге әзір екендіктерін білдірді.

 

Халықаралық көшбасшылық мұрасы

Президент Д.Трамп 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің сайланған мүшесі ретіндегі Қазақстанның жаһандық көшбасшылығын атап өтті. Ол 1992 жылы ядролық арсеналынан өз еркімен бас тартқаннан бастап, таратпау ісіне күш салып келе жатқан халықаралық көшбасшы ретіндегі Қазақстанның мұрасын және ядролық қауіпсіздік жөніндегі қазіргі міндеттемелерін күшейтуін, сондай-ақ химиялық қарудың таратылуы мен қолданылуына жол бермеу шараларын күшейтуді жуырда қолдағанын жоғары бағалады. Екі көшбасшы Корей Халық Демократиялық Республикасының ядролық және зымырандық бағдарламаларын қоса алғанда, жаппай қырып-жоятын қарудың заңсыз таралуын айыптады. Екі ел Президенттері ядролық байыту технологияларының таралу қаупін азайтуға бағытталған МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран банкінің таяуда Қазақстанда ашылуын құптады.

 

Өңірлік қауіпсіздік

Президент Д.Трамп Ауғанстанға тұрақты логистикалық жәрдем беру мен жол ашу, сондай-ақ гуманитарлық көмекті күшейтуге үлес қосу арқылы АҚШ-тың Оңтүстік Азия жөніндегі стратегиясын қолдауға Қазақстанның берік бейілдігі үшін Президент Назарбаевқа ризашылығын білдірді. Екі көшбасшы ауғандардың өз басшылығымен және күш-жігерімен жүретін бейбіт процес қана Ауғанстанға тұрақтылық пен қауіпсіздік әкелетінін растады. Президент Д.Трамп ауған қауіпсіздік күштерін қолдауға арналған Қазақстанның бұған дейінгі қаржылық жарналарын атап өтті. Президент Назарбаев ауыртпалықтың әділ бөлінуін мақұлдай отырып, Ауғанстанның қауіпсіздік проблемасын шешуге қосымша қолдау көрсетуге әзір екенін тағы да растады. Ол, сондай-ақ, Ауғанстан әйелдерінің жағдайын жақсартуға ерекше назар аудара отырып, АҚШ-пен ынтымақтастық аясында азаматтық және құқық қорғау мамандықтары бойынша Қазақстанда ауғандықтарды даярлау бағдарламасын кеңейтуді ұсынды. Екі көшбасшы Ауғанстанның көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жобаларға Қазақстанның қатысуын құптады. Сирияға қатысты, тараптар зорлық-зомбылық шиеленісінің оң шешім табуына қол жеткізуге және БҰҰ қолдауымен Женева бейбіт процесі аясында қақтығысты саяси жолмен реттеу негізін нығайтуға бағытталған дипломатиялық бастамаларды құптады.

 

Қорғаныс және қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық

Екі мемлекеттің көшбасшылары өңірлік қауіпсіздікті қолдау үшін ынтымақтастық, өзара ықпалдастық, қол жеткізу және логистикалық маршруттарды кеңейтуге арналған бірқатар келісімдер жасасуға ниет білдіре отырып, қорғаныс және қауіпсіздік салаларындағы екіжақты қарым-қатынастарды тереңдетуге дайын екендіктерін мәлімдеді. Екі көшбасшы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен АҚШ Қорғаныс министрлігі арасындағы әскери ынтымақтастықтың төртінші бесжылдық жоспарына қол қойылғанын атап өтті. Президенттер интернет арқылы жасалатын электрондық коммерция және қылмыс қаупіне қарсы жаһандық ынтымақтастыққа негіз болатын Киберқылмыстар туралы конвенцияға қосылуға Қазақстанның қызығушылығын зерделеуге дайын екендіктерін айтты. Мұндай көпжақты келісімдерге қатысу халықаралық терроризм мен зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы күресу үшін құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасуды нығайтатын болады.

 

Экономикалық ынтымақтастықты нығайту

Президент Н.Назарбаев және Президент Д.Трамп екіжақты сауда мен инвестицияларды ұлғайтуға, екі елде де жұмыс орындары мен мүмкіндіктер ашуға бағытталған әділ және өзара тиімді экономикалық әріптестікті ілгерілетуге әзірліктерін білдірді. Президент Н.Назарбаев Қазақстан экономикасындағы Америка Құрама Штаттарының жетекші инвестор ретіндегі рөлін атап өтті. Президент Д.Трамп келешекте халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысудың бұлжымас шарты болып табылатын, Қазақстан тарапынан Дүниежүзілік сауда ұйымы аясындағы міндеттемелерді орындаудың, әділ еңбек қатынастарды қолдаудың, келісімшарттардың мызғымастығын қамтамасыз етудің және зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың маңыздылығын атап өтті. Президент Д.Трамп Қазақстанның әртараптандырылған және инновациялық экономиканы дамыту жөніндегі өршіл жоспарларын құптап, АҚШ-тың қаржылық даму институттарының Қазақстанға инвестициялар тартуға мүдделілігін атап өтті. Екі көшбасшы тұрақты әрі қалыпты сауда қатынастарын дамыту үшін заңнамалық шараларды қолдайтындықтарын мəлімдеді жəне Қазақстанға бұл мəртебені беру екіжақты сауда байланыстарын одан əрі нығайтуға жәрдемдесетінін атап өтті. Екі мемлекет басшылары мұнай-газ, ядролық қаруды таратпау және бейбіт ядролық даму салаларын қоса алғандағы екіжақты энергетикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындайтын Энергетика саласындағы стратегиялық диалог деңгейін көтеруді белгілеп берді. Көшбасшылар цифрлық экономика, денсаулық сақтау, коммерциялық авиация, қаржы, банк ісі, ауыл шаруашылығы және ғарышты зерттеу салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін білдірді. Президенттер Орталық Азиядағы Сауда және инвестициялар жөніндегі негіздемелік келісімге (TIFA) өздерінің бейілдігін растады және Ауғанстанның болашақта TIFA Кеңесінің кездесулеріне қатысуын құптады. Қазақстан және Құрама Штаттар Қазақстандағы қоршаған ортаға төнетін қауіптерді бағалап, табиғи апаттар қатерін азайту үшін ғарыштық технологияларды пайдалану саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жоспарлап отыр. Көшбасшылар, сондай-ақ, Қазақстан экономикасы үшін қандай-да бір оқыс жағдайларды болдырмау мақсатымен санкциялар мәселелері бойынша кеңесіп отыруға ниетті екендіктерін білдірді. Соңында Президент Д.Трамп Н.Назарбаевты Қазақстанның экономикалық әлеуетін паш еткен, аумағында «Астана» халықаралық қаржы орталығы орналасатын «ЕХРО-2017» көрмесінің табысты өтуімен құттықтады.

 

Адами өлшем

Президенттер адам капиталын дамытуға деген ұмтылыс екі елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігіне қолдау болатын болашаққа деген инвестициялар екенін мойындады. Көшбасшылар екі ел арасындағы дипломатиялық және консулдық байланыстарды кеңейтуді жөн көрді. Президент Д.Трамп Қазақстанның ағылшын тілін меңгеру деңгейін көтеруге бағытталған бастамасын құптап, Қазақстан  мектептерінде ағылшын тілін оқыту бағдарламаларын жетілдіру үшін көмектесуге дайын екенін білдірді.

akorda.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
25.06.2025
0

  Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты....

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

Айғақ медиа
16.06.2025
0

  Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып,...

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.