• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Шілде 2, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Назарбаев пен Трамп кездесуінің екі елге де маңызы айрықша — Ричард Хогланд

16.01.2018
0

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамп кездесуінде екі елдің алдағы 3 жылдағы дипломатиялық қарым-қатынасының бағыт-бағдары айқындалады. Мұндай пікірді қазақстандық бақ өкілдеріне сұхбат берген АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы Елшісі Ричард Хогланд білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Вашингтоннан.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ басшысы Дональд Трамп арасындағы кездесудің маңызы зор. Өйткені, Н.Назарбаев — біздің президенттің шақыртуымен Ақ үйге келген Орталық Азиядағы тұңғыш көшбасшы. Кездесу барысында алдағы үш жылға арналған дипломатиялық қарым-қатынастың бағыт-бағдары айқындалмақ. Сондықтан, кездесудің екі елге де маңызы айрықша», — деді Ричард Хогланд.

Оның пайымынша, Орталық Азия әлемнің назарын өзіне көбірек аударуды қажет ететін аймақ. Сол себепті Вашингтон да бұл өңірге жіті назарын аударады. Жалпы Қазақстанның бұл өңірдегі көшбасшы мемлекет екенін шартараптың түкпір-түкпірі біледі. Өйткені, Қазақстан әлемдік деңгейде зор абыройға ие болып, халықаралық аренада да саяси табыстарға қол жеткізіп отыр.

«Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда және экономикалық әріптестік әлдеқашан тамырын тереңге жіберген. Мұндай қуатты байланыстың себебі мынада: Тәуелсіздік алған тұста Президент Нұрсұлтан Назарбаев түбегейлі экономикалық реформалар жасауға шешім қабылдады. Соның нәтижесі Қазақстанға әлемдік экономикада өз орнын табуға септігін тигізді. Нұрсұлтан Назарбаевтың сол шешімі сәтті болғанын уақыт дәлелдеді», — деді ол.

Бұрынғы Елші сұхбат барысында Қазақстанға инвестиция салған америкалық алпауыт энергетикалық компаниялардың да көп екендігін атап өтті. Қазіргі таңда Қазақстанда инвесторларға қолайлы жағдай жасалғандығын, сондықтан алдағы уақытта олардың саны арта түсетіндігін баса айтты.

«Бизнес өкілдері әрдайым қағазбастылықтың аз және инвестиция салудың мүмкіншіліктері оңай болғанын қалайтындығы анық. Бүгінде сіздердің елдеріңізде кезең-кезеңімен атқарылып жатқан осы саладағы оң өзгерістерді әлем елдері байқап үлгерді. Мәселен, бизнес бастауға жасалған жағдайды анықтайтын Ease of doing Business деп аталатын халықаралық сараптама бар. Аталған тізімде Қазақстан жылдан-жылға өз орнын жақсартып келеді. Бұл сараптамаға бизнес өкілдері үлкен мән береді. Өйткені олар инвестиция салмастан бұрын сондағы кәсіпкерлікке жасалған жағдайға, түсетін пайда көлеміне және жергілікті тұрғындардың біліміне назар аударады. Қазақстанда мұның бәрі бар», — деді АҚШ-тың бұрынғы Елшісі.

Ричард Хогланд БҰҰ-дағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Қайрат Омаровтың қызметіне де баға бере беріп, Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесіне төралығы қызметіне де тоқталды.

«Ол әлемдік деңгейдегі саясаткер. Қ.Омаров БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің күн тәртібіндегі мәселелерді анықтау үшін көптеген елдермен тығыз байланыс орнатты. Төрағалық мерзімінде Қазақстан көтерген бастамалар БҰҰ тарапынан қолдау табатынына сенімдімін. Ауғанстан мен ядролық қаруды таратпау ‒ халықаралық деңгейдегі түйткілді мәселе. Құдайға шүкір, қазіргі таңда Ауғанстандағы жағдай тұрақталып келеді. Қазақстан ядролық қаруды таратпау мәселесінде әрдайым алдыңғы қатарда жүреді. Тәуелсіздік алған тұста елдеріңіз арсеналында бар оқтұмсықтардан бас тартып, жаппай қырып-жоятын қаруларға қатысты өз ұстанымын бекітіп, сынақ алаңдарын жапқаны баршаға мәлім. Бұл ‒ әлемнің басқа елдеріне үлгі болуы тиіс», — деді америкалық дипломат.

Сонымен қатар ол Барак Обаманың бастамасымен өткізілген С5+1 кездесуі алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді.

«Дональд Трамп аталған мәселемен жақсы таныс және оны қолдайды. Жылына бір рет кездесіп тұрған жақсы, бірақ жеткіліксіз. Алдағы уақытта С5+1 кездесуі С5-ке айналуынан үміттенемін. Орталық Азиядағы бес мемлекет ресми түрде тізе қосып жұмыс істеп, геосаяси блок құруға шешім қабылдайтындығына үміт артамын. Бұл аймақтың әлеуетін және экономикасын күшейтіп, егемендікті нығайта түседі. Келешекте С5+1 Орталық Азия елдерін біріктіретін саяси блокқа айналатындығына үмітім бар», — деп түйіндеді сөзін Ричард Хогланд.

Дереккөз: inform.kz

Фото: arnapress.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
25.06.2025
0

  Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты....

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

Айғақ медиа
16.06.2025
0

  Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып,...

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.