Аптаның алғашқы күнінде Шымкентте оқыс оқиға орын алды. Яғни, шаһарға қарасты Игілік елді мекеніндегі сауда үйінен өрт шықты. «Алтын ана» дүкенінен шыққан тілсіз жау, жалпы аумағы 72 шаршы метрді құрайтын сауда орнын толығымен шарпып кеткен. Бұл жәйт Төтенше жағдайлар департаментіне күндізгі сағат 12-лер шамасында келіп түсіпті. өрт сөндіруші мамандардың сөзіне сүйенсек тілсіз жауды ауыздықтауға 4 техникамен 32 құрылым жұмылдырылыпты. Аброй болғанда адам шығыны жоқ. Дегенмен өрт неден шыққаны әзірге белгісіз.
Мақсат Тоқсанбай