2018 жылы 10 қаңтарда өткен Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясында басқа мәселелермен бірге 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджеті қаралып, 2018 жылы бюджеттің салық түсімдері 34 176 821 мың теңге көлемінде бекітілді. Ал, 2017 жылы бюджеттің салық түсімдері 30 353 700 мың теңге болып бекітілген болатын.
Естеріңізде болса, 2016 жылдың қазан айында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып Жансейіт Түймебаев тағайындалған болатын. Ж.Түймебаев облыстық бюджет салық түсімдерінің көлемдерін көбейту туралы мәселелерді бақылауға алуына байланысты былтыр және биыл салық түсімдерінің көлемі 2,5 есеге өсті. 2016 жылдың салық түсімдері 13 070 600 мың теңгені құраған еді.
Облыстық мәслихат сессияның құжаттарын сараптау барысында 2008-2017 жылдарға арналған облыстық бюджеттеріндегі салықтық түсімдердің көлемі анықталды.
Атап айтқанда:
2008 жылы салықтық түсiмдер — 15 489 801 мың теңге;
2009 жылы салықтық түсiмдер – 11 842 089 мың теңге;
2010 жылы салықтық түсiмдер – 12 869 430 мың теңге;
2011 жылы салықтық түсiмдер – 13 932 715 мың теңге;
2012 жылы салықтық түсiмдер – 14 067 626 мың теңге;
2013 жылы салықтық түсiмдер – 13 765 684 мың теңге;
2014 жылы салықтық түсiмдер – 10 441 300 мың теңге;
2015 жылы салықтық түсiмдер – 15 215 600 мың теңге;
2016 жылысалықтық түсiмдер – 13 070 600 мың теңгені құрады.