Қазақстан мен Өзбекстан халықтарының достастығын нығайту түсу мақсатында 2017 жылдың 23 наурызында Елбасы Н.Назарбаев пен Өзбекстан мемлекетінің Президенті Шавкат Мирзиёев кездескен болатын.
Бас қосу барысында екі елдің тауарларын әлемдік нарыққа шығаруға жол ашатын Еуропа мен Азияны байланыстырған Ұлы Жібек жолын жаңғырту туралы сөз қозғалып, екі ел арасында Халықаралық қатынасын нығайту туралы хаттамаға қол қойылды.
Күні бүгін жасалған келісім шарт қолға алынып қос мемлекет арасындағы ынтымақтастықты арттыра отырып, 44 адамнан құралған қазақстандық делегация алғашқы «Шымкент-Ташкент» бағытындағы автобуспен бауырлас Өзбекстан еліне бағыт алды.
Ендігі кезекте «Шымкент-Ташкент» бағытындағы 15 автобустар техникалық үзіліссіз қызмет көрсетеді. Күнделікті сағат таңғы 06:00-ден кешкі 20:00 аралығында қызмет көрсететін автобустардың тариф құныда қол жетімді. Нақтырақ айтсақ адам басына шаққандағы жол ақысының көлемі 6700 теңге болмақ.
Еліміздегі елеулі жайттардың бірі, қос мемлекет басшыларының келісімімен 2018 жыл Қазақстандағы Өзбекстан жылы болып жарияланбақ.
Мақсат Тоқсанбай