Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Жақсылық жасауды жаны сүйетін Жұмазия Кішкентайқызы
    Жаңалықтар

    Жақсылық жасауды жаны сүйетін Жұмазия Кішкентайқызы

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа04.01.2018Updated:04.01.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Жерде жетім жыласа, көкте періште күңіренеді» деген сөздің мағынасы терең. Бүгінде тағдырдың талқысымен жетімдер үйі мен бөбектер үйі жетерлік. Мемлекет тарапынан әлеуметтік жағынан қанша көмек көрсетілгенмен, ата-анасының аялы алақаны  мен махаббатына зәру сәбилердің мұңды көзі жаныңды ауыртады. Бүгінде бүлдіршіндердің жанына жылу сыйлап жүрген азаматтардың қатары көп. Соның бірі Жұмазия Кішкентайқызы. Өзінің жомарт жүргімен ел анасы атанған аяулы жан балғындардың болашағы үшін қолдан келер көмекті аямай келеді. Еңбегін ескерген бөбектер үйінің тәрбиеленушілері Жаңа жылда Жұмазия апаға мерекелік көңіл күй сыйлауды мақсат тұтып ыстық лебіздерін жеткізді.

    0033mc-still001

    00143g-still001

    Бүгінде бөбектер үйінде 84 бала тәрбиеленуде.  Барлығы да бір отбасындай тату-тәтті болып, жаңа жыл қарсаңында жүрегі дархан, жаны жомарт Жұмазия апасына арнап мерекелік кешін ұсынды. Бірі ән айтып, бірі би биледі.

    00318c-still001

    Жұмазия Кішкентайқызы сонау 1980-ші жылдардың ортасында Оңтүстік өңірінде шоғырланған бес тігін фабрикасын басқарып, кейіннен «Қыз Жібек» деп аталатын жеке тігін мекемесін ашқан алғашқы кәсіпкер әйел десе де болады. Сол замандарда «Қыз Жібек» тіккен киімдерді қолы жеткендер мақтана киетін. Өйткені оның сапасы да, сәні де сол уақыттың талабына сай болатын.

    stream-still014

    stream-still017

    Бүгінде «Қыз Жібек» ательесі жабылған. Әйтсе де қожайыны Жұмазия Кішкентайқызы тігін өнерінен қол үзген жоқ. Жетпістің алтауына жетсе де қол қусырып қарап отыра алмайтын ардагер тігінші бүгінде қайырымдылық істермен айналысып келеді. Соның бір дәлелі Шымкент қалалық мамандандырылған бөбектер үйіне жасаған қайырымдылық шаралары. Яғни,  кіп-кішкентай балаларға арнап әртүрлі киім-кешектер тігіп, тоқыма тоқиды.

    0057jc-still001Шет елдік ЭКСПО көрмелерін талай рет көзімен көреген жанның қолымен жасалған арнайы киіз үйге көзіміз түсті. Айрықша  сән үлгісінде жасалған ақүй әсем жіптермен өрнектеліп, бөбектер үйіне ерекше сән беріп тұр.

    00548f-still001

    Негізі әр адам сауап тірлік жасауға асығуы керек. Неге десеңіз, жағдайы жақсы, өзгелерге көмектесуге шамасы келетін әрбір адам жетім-жесірлерге қол ұшын беріп тұрса, жұмысының берекесі кіреді, ісі ілгері басады. Расында да әрбір адам осы кісінің ісінен үлгі алса, айтқан кеңесін тыңдап, пайдалы әрі сауапты іспен шұғылданса нұр үстіне нұр болар еді.

    0061np-still001

    Ал біз сөз соңында Жұмазия Кішкентайқызына мықты денсаулық тілейміз. Жүз жасаңыз, Жұмазия апа!

    Жансая Елемесова

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.