Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»А.Байысбеков: Бәйдібек ауданы бюджетінің көлемі жыл сайын ұлғаюда
    Жаңалықтар

    А.Байысбеков: Бәйдібек ауданы бюджетінің көлемі жыл сайын ұлғаюда

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа30.12.2017Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бәйдібек аудандық мәслихатының депутаты Айдар Байысбековпен сұхбаттасу  барысында 2017 жылы 25 желтоқсанда Бәйдібек аудандық мәслихатының кезекті сессия өткендігі, ол сессияда 2018 жылға арналған бюджетті бекіту, аудандық мәслихат хатшысының есебі, аудандық мәслихат хатшысының баяндамасы және аудандық мәслихаттың 2018 жылға арналған жұмыс жоспары туралы мәселелер қаралғандығын айтып, сессияның қорытындысы бойынша хабарлама жасады.

    Сессияда аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Тұрымбекова 2018 жылға арналған аудан бюджетінің көлемі 12 238 021 мың теңгені құрау керектігі туралы ұсынысы қолдау тапты.

    Егер ауданның 2013-2018 жылдарға арналған бюджеттерінің көлемін салыстырып, сараптағанда аудан бюджетінің елеулі өсімі байқалады. Атап айтқанда:

    2013 жылы аудан бюджетінің 5 898 595 мың теңге көлемінде бекітілсе;

    2014 жылы аудан бюджетінің көлемі  6 639 765 мың тенге;

    2015 жылы аудан бюджетінің көлемі 7 515 975 мың тенге;

    2016 жылы аудан бюджетінің көлемі  8 720 912 мың тенге;

    2017 жылы аудан бюджетінің көлемі 12 192 778 мың теңге;

    2018 жылы аудан бюджетінің 12 238 021 мың теңге көлемінде бекітілген.

    2018 жылғы бюджетті 2013 жылғы бюджетпен салыстырғанда 6 339 426 мың теңгеге өссе, ал 2014 жылғы бюджетпен салыстырғанда 5 598 256 мың теңгеге, 2015 жылы — 4 722 046 мың теңгеге, 2016 жылы — 3 517 109 мың теңгеге және 2017 жылы — 45 243 мың теңгеге өскен.

    Облыс әкімі Ж.Түймебаев Бәйдібек ауданының экономикалық әлеуметтік ахуалын ескеріп, өнеркәсіпті, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында және мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру үшін аудан бюджетінің өсуіне ықпал жасағанына байланысты ауданның депутаттары ризашылығын білдіреді.

    Сонымен қатар, аудан аумағында облыстық бюджеттің есебінен төмендегі нысандардың құрылыстарына тиісті қаражат бөлінді. Атап айтқанда:

    Түйетас ауылындағы 150 орындық Б. Момышұлы атындағы, Бәйдібек ата ауылындағы 150 орындық Ақтау, Тұрақты ауылындағы 150 орындық Жүнісбеков атындағы, Бөген ауыл округі Сарқырама ауылындағы 150 орындық «Орманов» атындағы мектептерінің құрылысына;

    Шаян ауылындағы 20 пәтерлі бір, аудандағы 35 пәтерлі екі және 45 бір пәтерлі коммуналдық тұрғын үйлердің құрылыстарына;

    Ақтас, Қошқар ата, Кеңсай елді мекендердің магистралды суаққысының, Боралдай, Теректі, Қаратал елді мекендерінде магистралды суаққының, Бөген ауылдық округі Екпінді елді мекенінің су өткізгіштер тораптарының, Бөген ауылдық округі Жиенқұм елді мекенінің су өткізгіштер тораптарының, Көктерек ауылдық округі  Бірлік елді мекенінің су өткізгіштер тораптарының, Боралдай елді мекеніне жеткізуші және ішкі газ тораптарының, Ақбастау ауылдық округі Ақбастау елді мекеніне жеткізуші және ішкі газ тораптарының, Бөген ауылдық округі Бекбау және Шалдар елді мекендеріне жеткізуші және ішкі газ тораптарының, Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл елді мекенінде жеткізуші және орамішілік газ желілерінің құрылыстарына;

    Боралдай ауылдық округі Жыланды, Түйетас, Амансай, Талап, Сарыбұлақ елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз етуіне;

    Көктерек ауылдық округтерінің Ынтымақ елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етуіне;

    Бөген ауылдық округі Жиенқұм елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етуіне;

    Ақбастау ауылдық округі Ақбастау, Жолғабас, Тұрақты елді мекендеріне жеткізуші және ішкі газ тораптарының құрылыстарына тиісті қаражат бөлінді.

    Аталған құрылыстардың аяқталу мерзімдері 2018-2019 жылдарына белгіленген.

    «Айғақ»-ақпарат.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.