Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Асылы Осман Оңтүстік жұртшылығымен кездесті
    Жаңалықтар

    Асылы Осман Оңтүстік жұртшылығымен кездесті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа29.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында белгілі қоғам қайраткері, ғалым, мемлекеттік тілдің жанашыры, «Достық» және «Парасат» ордендерінің иегері Асылы Османның кездесу кеші өтті.

    Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы ұлттық біргейлікті сақтау, ұлттық қод, барша қазақстандықтарды біріктіруші мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жайы кеңінен сөз болған рухани кешке зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдар және облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, оқу орындарының оқытушылары мен студенттер қатысты.

    «Әлемде қазақ халқындай жүрегі кең, көңілі дархан ұлт жоқ деп санаймын. Қиын-қыстау кезеңде барша этностарды құшағына алып, бауырына басты. Өз басындағы қиындығына қарамай бір нанын бөліп берді. Ендеше, Қазақтың нанын жеген адам, тілін де білуі тиіс! Дәл қазіргі таңда біз қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүрудеміз. Тұрақтылық дегеніміз сол. Болашағымызды баянды ету үшін Елбасымыздың жүйелі саясатын ту етіп, берекелі бірлігімізді бекемдеп, қазақ халқының айналасына топтаса түсуіміз тиіс», — деді кездесуде Асылы Әлиқызы.

    Сонымен қатар, тіл жанашыры «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген мәселелердің маңызын сөз етіп, қазақ тілін латын графикасына көшіруді толығымен қолдайтынын білдірді. Елдің берекелі бірлігін сақтап, нығайтуда Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып жатқан жұмысына да тоқталды.

    Кездесу еркін пікір алмасуға ұласып, келген көпшілік толғандырған сауалдарына жауап алды. Оның өмірі мен шығармашылығы, қазақ еліне сіңірген қажырлы еңбегі жайлы бейнефильмді тамашалады.

    Кеш соңында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов қадірлі қонаққа алғыс білдіріп, сый-сияпат көрсетті.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.