Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Абай музейі «Shakarim.kz» сайтын ашты
    Жаңалықтар

    Абай музейі «Shakarim.kz» сайтын ашты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа29.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Абай музейі «Shakarim.kz» сайтын ашты, деп хабарлады Алтайневс сайты. Хабарда атап көрсетілгендей, «Бостандық таңы атты» деп баршаға қуана жар салған Шәкәрімнің арманы орындалды.

    2018 жылы ақын, аудармашы, сазгер, тарихшы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл толады. Шәкәрім Құдайбердіұлы — Абайдай ұлы ұстазынан тәлім-тәрбие алып, аманат-өсиетін екі етпей, қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан ақын.

    Өзіне «Мұтылған» деп ат қойған ақын есімі тар құрсауда қалып қойды.

    1958-1984 жылдар аралығында Шәкәрім шығармашылығы толық ақталмаса да, ұлы Ахат Шәкәрімұлы әкесінің еңбектерін көптеген ғылыми-зерттеу орталықтары: Алматыдағы Ұлттық кітапхана, Ғылым Академиясының Орталық ғылыми кітапханасы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты және Семейдегі Абайдың қорық-музейінің қорына өткізді. Бұл Шәкәрімді тануға зор мүмкіншілік берді, дейді Абай музейінің қызметкерлері. Қорда жинақталған Шәкәрім мұрасын, өмірбаяны, шығармашылығын кеңінен зерттеуге жол ашылды.

    Адамдық борыш ар үшін,

    Барша адамзат қамы үшін.

    Серт бергем еңбек етем деп,

    Алдағы атар таң үшін, —

    деп «ар» ілімін өмірінің мақсаты деп танып, елінің қамы үшін ерінбей еңбектеніп, келешек ұрпағына өшпестей мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдық мерейтойы қарасаңында және 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесіне арнайы «Shakarim.kz» сайты ашылды.

    «Бостандық таңы атты» деп баршаға қуана жар салған Шәкәрімнің арманы орындалды. Бұл тек Шәкәрімнің ғана емес барша алаш жұршылығының арманы еді. Сондықтан сайттың бас беті Шәкәрімнің «Бостандық таңы атты» өлеңімен ашылады. Заман талабына сай жаңа технологиялар қарқынды дамып келе жатыр. Сондықтан музей саласы да заман көшіне ілесіп, алға жылжуы шарт. Музейге адамдардың жиі келуге мүмкіндігі бола бермейді. Музей қорындағы ақын мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында ұсынылып отыр.

    Бұл сайтты жасау барысында көптеген материалдар, құжаттар, архив деректері жиналды. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің қорында жылдар бойы мұрағаттар мен ғылыми зерттеулер барысында жинақталып келген қор материалдары, музей кітапханасына келіп түскен кітаптар мен мерзімді баспасөз басылымдары басшылыққа алынды.

    Сондай-ақ, музей қорындағы ақын тұлғасы, оның өмірі мен шығармалары негізіндегі бейнелеу өнер туындылары және Шәкәрім әндерін осы сайттан табуға болады.

    Дереккөз: ҚазТАГ

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.