Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Әскерилерге 5 пайызбен ипотека берілмек
    Жаңалықтар

    Әскерилерге 5 пайызбен ипотека берілмек

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.12.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    2018 жылдан бастап Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі әскери қызметкерлерге 5 пайыздық мөлшерлемемен ипотека беруді жоспарлап отыр.

    Бұл туралы ТҚЖБ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды baq.kz.

    «Әскери қызметкерлерді қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында бірнеше шараларды қолға алдық. Шамамен 60 мыңнан астам әскери отбасы баспаналы болу үшін жинақ жүйесіне қатыспақ. Олардың ішінде Қорғаныс министрлігінде, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Шекара қызметінде, Ұлттық гвардия мен Мемлекеттік күзетте қызмет атқаратын әскерилерге жағдай жасалмақ», — деді Ләззат Ибрагимова.

    Оның айтуынша, осыған байланысты ТҚЖБ бүгін-ертең Қаржы министрлігінде бірнеше отырыс өткізеді.

    «Әскери қызметкерлер үшін алдын ала займның 5 пайыздық мөлшерлемесін қарастырып отырмыз. Келер жылы бюджетіміз 120 млрд теңгені құрайды. Бұл жобаға 2018-2019 жылдары 8 мың әскери отбасы қатыса алады. Қалғандары ТҚЖБ-мен бірге ақша жинауды жалғастыра береді. Әскерилердің кез келген банктен ипотека ала алатынын айта кеткен жөн. Біз әлеуметтік және мемлекеттік банк болғандықтан оларға тиімді шарттарды қарастыруымыз қажет. Осыған орай жұмыс істеп жатырмыз», — деді ол.

    Бүгінде тұрғын үй жинақ жүйесі бойынша ақшаны кем дегенде үш жыл жинау керек. Алайда ипотека, яғни ақшаның 50 пайызын құйып, алдын ала займ да алуға болады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.