Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»Оңтүстікте балғындарға арналған Президенттік шырша өтті
    Білім

    Оңтүстікте балғындарға арналған Президенттік шырша өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Шымкент қаласында облыстың әр түкпірінен келген балаларға арналған Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа жылдық шыршасы өтті. Мерекелік шыршаға қатысқан балаларға телеэкран арқылы Елбасының арнайы құттықтауы көрсетіліп, «Асқақ ордам — Астана»  атауымен шырағын жаққан жасыл шырша жанында халықаралық конкурстарда жүлделі орындарға ие болған бишілер мен бүлдіршіндер өнер көрсетті.

    Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев балаларды мерекемен құттықтап, Президенттің атынан 200 балаға қыстық жылы киімдер мен ноутбук үлестірді.

    «Сіздер, бүгін Президенттік Жаңа жылдық шыршасына қатысып отырсыздар!  Бұл — Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліміздің жарқын болашағы – Сіздерге деген үлкен құрметі. Жаңа жыл – барша қазақстандықтарға және көптеген мемлекеттер үшін де ерекше ықылас, зор үмітпен келер жылдан жақсылық күтетін мереке. Бүгінгі мереке мен сыйлықтар сендерге естен кетпейтін, ерекше жарқын күн сыйласын. Мен сендерге зор денсаулық, бақыт тілеймін. Жаңа жыл құтты болсын!»,-деді әкім.

    2017 жылды оңтүстікқазақстандық оқушылары толымды жетістіктермен қорытындылап отыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыс орталығында 1 маусым күні балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің Шеруі тұңғыш рет өткізіліп, республикалық деңгейде жоғарғы бағаға ие болды.

    Сондай-ақ, республикада тұңғыш рет «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» атты шығармашылық кино фестивалі Оңтүстік өңірде бірінші рет ұйымдастырылып, нәтижесінде облыстың командасы ІІ жүлделі орынды иеленді.

    Жалпы білім беретін пәндердің жаратылыстану-математика бағыты бойынша өткен республикалық олимпиадада Оңтүстік Қазақстан облысынан қатысқан 40 оқушының 16-ы жүлдегер атанса, қоғамдық — гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша қатысқан 35 оқушының 14-і жүлделі орындарды иеленді. Сондай-ақ, Президенттік олимпиадаға облыстан   қатысқан 8 оқушының 4-еуі үздік шықты. Қорыта айтқанда, жалпы халықаралық, республикалық интеллектуалдық конкурстарға біздің облыстан қатысқан 6673 оқушы жеңімпаз атанды.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.