Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Әлем елдерінің басшылары Қазақстан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
    Жаңалықтар

    Әлем елдерінің басшылары Қазақстан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.12.2017Updated:23.12.2017Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шет мемлекеттердің басшыларынан құттықтау жеделхаттар келіп түсті.

    Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин өзінің құттықтау жеделхатында: «Қазақстан әлемдік аренада жоғары беделге ие болып, халықаралық өзекті мәселелерді шешуге, әсіресе БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде, сондай-ақ Астана процесі аясында елеулі үлес қосып келеді», — деп атап өткен.

    Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин өзінің құттықтау жеделхатында: «Сіздің еліңіз Тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі 26 жыл ішінде саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде, экономиканы дамытуда, халықтың өмірін жақсартуда және мемлекеттің халықаралық беделін көтеруде зор жетістікке жетті. Сондай-ақ, мемлекет құру ісінде де айтарлықтай табысқа кенелді», — деп атап көрсеткен.

    Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған құттықтау хатында Қазақстанның түркі әлемінің жарқын өкілі ретіндегі жетістіктерін жоғары бағалап, еліміздің келер жылғы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалық қызметіне табыс тіледі.

    Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп құттықтау хатында: «Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бергі 26 жыл бойы Америка Құрама Штаттары елдеріңіздің егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын мойындап келеді. Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі алдағы төрағалығы мен энергетика саласындағы ынтымақтастық арқылы екі ел арасындағы экономикалық байланыстар нығая түседі деп ойлаймыз», — деп атап өткен.

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанның халықаралық беделінің нығаюына септігін тигізген еліміздің жаһандық және өңірлік бастамаларына жоғары баға беріп, екі мемлекет арасындағы тату көршілік ынтымақтастықтың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

    Польша Республикасының Президенті Анджей Дуда Мемлекет басшысының атына жолдаған құттықтау хатында Халықаралық «Астана ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің жоғары деңгейде өткізілгенін атап өтіп, Польшаның оған белсенді қатысуы сауда және инвестиция салаларындағы байланыстарымыздың жандана түсуіне және Қазақстандағы серіктестер үшін ұсынылған инновациялық және бәсекелі шешімдерді пайдалануға мүмкіндік беретінін айтты.

    Франция Президенті Эмануель Макрон құттықтауында: «Бірнеше аптадан кейін Сіздің еліңіздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы басталады. Франция Сіздер қойып отырған күн тәртібіндегі мәселелерге ерекше назар аударып, оны талқылауға белсенді түрде қатысады», — деп атап өткен.

    Сондай-ақ, Мемлекет басшысы мен Қазақстан халқын Бельгия Королі Филипп, Испания Королі VI Фелипе, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Сауд, Венгрия Президенті Янош Адер, Үндістан Президенті Рам Натх Ковинд, Біріккен Араб Әмірліктері Президенті Халифа бен Заид Әл Наһаян, Пәкістан Президенті Мамнун Хусейн, Словакия Республикасының Президенті Андрей Киска, Украина Президенті Петр Порошенко, Хорватия Президенті Колинда Грабар-Китарович, Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагері, Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары, Қорғаныс министрі Мұхаммед бен Салман бен Әбдел Әзиз Әл Сауд, Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті, Премьер-Министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі, шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, бақ-береке тілеп, еліміздің өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдірді.
    Дереккөз: inform.kz

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.