Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақстанның БАҚ саласындағы стратегиясы дайындалады — Дәурен Абаев
    Жаңалықтар

    Қазақстанның БАҚ саласындағы стратегиясы дайындалады — Дәурен Абаев

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Аталған құжат бұқаралық ақпарат құралдарының даму болашағын айқындайды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

    «Бұйырса, келесі жылы біз осы салада бір құжатты дайындауды бастайын деп жатырмыз. Жалпы, еліміздің бұқаралық ақпарат саласындағы стратегиялық маңызы бар құжаты болады. Болашақта қай бағытта жүреміз? Қалай дамиды? Осының бәрін зерттеп, өздеріңізге келесі жылдың соңына таман ұсынамын деп сенемін», — деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың бүгін қазақ сайттары редакторларының форумында.

    Өз сөзінде министр жаһандану заманында ақпараттық-коммуникациялық теxнологиялардың кеңінен дамуына тоқталды. Бүгінде 7 млрд-тан астам адамның тең жартысы әлеуметтік желілердің қолданушысы болып саналады. Ал әлеуметтік желілердің өздері ақпарат құралдарының салмақты бәсекелесіне айналды.

    «Қазір күннің басты тақырыбын Фейсбукта отырған қарапайым қолданушы қалыптастыра алады. Бір редакция зерттеп жүрген мәселенің маңыздылығын WhatsApp-тағы бір видео жоққа шығаруы мүмкін. Алайда бұл үрдіс журналистиканың рөлін төмендете алған жоқ, керісінше, әлеуметтік медиа дамыған сайын кәсіби мамандардың бағасы арта түсуде», — деп атап көрсетті Д.Абаев.

    Осы орайда министр бүгінгі форумға теледидар, радио мен баспасөз өкілдерін не үшін шақырылғанын түсіндірді.

    «Интернеттің қарқынды дамуы коммуникация құралдарын бір арнада тоғыстырып, дәстүрлі БАҚ пен жаңа медианың сабақтастығы күшейе түсуде. Оны бәріміз жақсы білеміз. Сондықтан баршаңызды осы саладағы ең маңызды мәселелерді бірлесе талқылауға шақырып отырмыз. Форум барысында ортаға салынған пікірлер мен идеялар отандық ақпарат саласының дамуына үлес қосады деп сенемін», — деді Д.Абаев.

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.