Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Абаев қазақ сайттарының негізгі міндеттерін атады
    Жаңалықтар

    Абаев қазақ сайттарының негізгі міндеттерін атады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, қазіргі теxнологиялық заманда бәсекелестікке төтеп беріп, ақпарат кеңістігінен лайықты орын алу үшін қазақ тілді интернет ресурстарына бірнеше маңызды мәселені шешу керек, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

    «Біріншіден, контентке қатысты көзқарасты өзгерту керек. Қазіргі кезде ақпараттың мазмұнын қалыптастыруға қолданушылар тікелей ықпал ете бастады. Өкінішке қарай, осының салдарынан сенсацияның соңына түскен сайттар жеткілікті. Әрине, бұл ретте аудиторияны ұдайы зерттеп, әр оқырманның сұранысын ескеруге тура келеді. Алайда кез келген мәселеге елдік мүдде, ұлттық таным мен тәрбие, сондай-ақ журналистік этика тұрғысынан қарау қажет деп ойлаймыз. Бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтік желіден басты айырмашылығы да, артықшылығы да осы», — деді Д.Абаев бүгін қазақ сайттары редакторларының форумында.

    Министрдің айтуынша, келесі жылы ауылдық жерде тұратын 2 млн-нан астам адамға сапалы интернет тарту жұмыстары басталады. Аталған шаралар екі жылда аяқталады деген жоспар бар. Ал 2022 жылға дейін Қазақстанның барлық ауылдарында жылдам интернет болады.

    «Оларға қандай контент ұсынуға болады? Міне, осы мәселені сайттарымыз қазірден бастап зерттеп, контенттік саясатты жолға қоя алса, қолданушылардың бірнеше есеге артатыны сөзсіз. Енді, өздеріңіз жақсы білесіздер, ауылды жерлерде, көбінесе, қазақ тілді бауырларымыз тұрады. Олар алдымен Сіздердің сайттарыңызға келеді, Сіздердің басты тұтынушыларыңыз болады», — деп атап көрсетті Д.Абаев.

    Екінші мәселе, ел мүддесі сынға түскенде қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары алдынғы қатардан табылса да, ұлттық мүдденің жалаң ұранмен алмасып кету жағдайлары аз емес. Аталған әрекеттер, көп жағдайда, арандатушылық сипатта көрініс беруде.

    «Мәселен, Астанадағы Әбу-Даби Плаза оқиғасын алайық, біз Ішкі істер министрлігімен бірге зерттеу жүргіздік. Сол күні әлеуметтік желіде жұрттың намысына тиіп, жанжалдарға шақырған «патриоттық» пікірлердің Астанадан жазылмағанын көрдік. Осындай тасада отырып, тас ату әдеті белең алып тұрғаны жасырын емес. Жазғандардың көбісі басқа қалалардан астаналықтарға неге отырсыңдар, қырып жоймасыңдар ма деп, ұрандатып кетті», — дейді министр Абаев.

    Министрдің сөзіне қарағанда, дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары мен жаңа медианың қарым-қатынасын тереңдету керек. Бұл — үшінші мәселе. Себебі бүгінде әлеуметтік медианың басымдығы жайында жиі айтылады. Алайда соңғы зерттеулерге сәйкес, теледидар сияқты дәстүрді бұқаралалық ақпарат құралдарының ықпалы фэйсбуктен үш есе артық. Сондықтан дәстүрлі БАҚ пен жаңа медианың мүмкіндіктерін шебер ұштастыра білген жөн.

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.