Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Тәуелсіздік күніне орай ҚР Президентінің Жарлығымен марапатталған тәртіп сақшылары
    Жаңалықтар

    Тәуелсіздік күніне орай ҚР Президентінің Жарлығымен марапатталған тәртіп сақшылары

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.12.2017Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығы мерекесіне орай департамент басшылығы мен жеке құрамы, сондай-ақ ішкі істер органдары ардагерлерінің қатысуымен салтанатты мерекелік іс-шара өтті.

    dvd1

    Салтанатты шараны ОҚО ІІД-нің бастығы полиция полковнигі Қайрат Дәлбеков өзінің құттықтау сөзімен ашты. Баяндамасында Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктерін,  Елбасы басшылығымен жасалған қоғамдық тұрақтылық пен өркендеудің бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалардың жүзеге асырылуы арқасында еліміздің өркендеп отырғанын тілге тиек етті.

    dvd2

    «Генералдар Кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагері, профессор, академик, әділет генерал-майоры Рүстем Есімханұлы Қайдаровтың өзі келіп, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Жарлығымен  Ішкі істер органдарының құрметті ардагері милиция генерал-майоры Сұлтанов Жеңісбай Әбдікерімұлына «Құрмет» медалін тапсырды.

    dvd3

    dvd4Милиция генералы Жеңісбай Сұлтанов ішкі істер органдары қатарында көп жыл еңбек етті, еліміз тәуелсіздік алған жылдары департаментті басқарды. Еліміздің құқықтық тәртібін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты, Ішкі істер органдары басшыларының бірнеше буынын тәрбиеледі. Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарында лайықты қызмет атқарған Жеңісбай Сұлтанов Оңтүстік Қазақстан облысының, Шымкент қаласының және Түлкібас ауданының құрметті азаматы, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесі Президиумының мүшесі және ОҚО ІІД жанындағы консультативті-кеңесші органның төрағасы. Көптеген наградалар, грамоталар мен медалдар, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс хатымен» және ҚР Ішкі істер министрінің «Құрмет грамоталарымен» марапатталған.

    25445942_343020276173667_3030514186657167525_n Сонымен қатар, Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ ЖПҚ қарасты ювеналды полиция инспекторы полиция лейтенанты Айтмұхамедов Ерлан ҚР Президентінің Жарлығымен  «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Еске салар болсақ, 2017 жылдың 27 шілдесінде кешкі сағат 21:30-дар шамасында Шымкент қаласындағы Бадам өзені бойында орналасқан Шымкент қаласының Ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметіне бағынысты жол-патрульдік полиция полкінің стационарлық бекетінің қызметкерлері адамдардың көмекке шақырған дауысын естиді. Стационарлық бекеттегі полицейлер  дереу оқиға орнына барады,  барған кезде, көшедегі  азаматтар өзенге қарай бағыттап, 13 жастағы жасөспірімнің батып бара жатқанын  көрсетеді. Тәртіп сақшылары сол сәтте-ақ көмек беруге жүгіреді.

    dvdШымкент қаласының Ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметіне бағынысты жол-патрульдік полиция полкінің полицейі полиция сержанты Е.Айтмұхамедов суға сүңгіп, батып бара жатқан жасөспірімді өзеннен аман алып шығып, алғашқы көмек көрсетеді. Полицейлер кейіннен аман қалған сөйлеу мүмкіндігі шектеулі жасөспірім Шымкент қаласы Қаратау ауданы Сайрам елдімекенінің 2004 жылы туылған тұрғыны Шаймиддинов Шорустам Шокбарович екенін анықтады. Жасөспірім өзенге аяқ киімі түсіп кетіп, соны алмақ болған кезде суға құлап кеткен. Өзеннің ағысы қатты болғандықтан, өз күшімен жағаға шыға алмаған. Полицейлер жасөспірімді Шымкент қаласының Ішкі істер басқармасы Әл-Фараби полиция бөліміне жеткізіп, мән-жайды түсіндіріп, кейіннен үйіне апарып, туыстарына табыстаған.

    25398325_343020392840322_2159289563494946873_oОсы оқиғаның негізінде, ОҚО ІІД басшылығы тарапынан ҚР ІІМ-не  мемлекеттік наградаға ұсыну туралы хат жіберілген болатын.  Мерекелік іс-шара барысында қоғамдық тәртіпті сақтауда, өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін ҚР ІІМ нің бұйрығымен 20 қызметкер салтанатты түрде марапатталады. Олар: 2 қызметкерге бір саты жоғары арнаулы шені берілді, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен 3 қызметкер,  ҚР ІІМ-нің «Құрмет грамотасымен» 3 қызметкер, «Ішкі істер органдарының үздігі» омырау белгісімен 3 қызметкер,  ІІМ-нің «Грамотасымен» 3 қызметкер, ІІМ-нің  «Алғыс хатымен» 3 қызметкер, 3 қызметкерге ІІМ-нің алғыс жарияланды.  Сондай-ақ, 156 тәртіп сақшысы департамент бастығының бұйрығымен марапатталды. Салтанатты жиын соңы облыстық эстрада жұлдыздары мен өнерлі жас полицейлердің мерекелік концертімен жалғасты.

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.